Сабақ жоспары (ұмж): Электр қайдан алынады ? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Электр қайдан алынады ? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр қайдан алынады ?
Оқу мақсаты:3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақтың мақсаты:Оқушылар:
электр энергиясының көздері туралы мәліметтермен танысады;
қандай батарея энергияны көп беретінін анықтайды.

Ұйымдастыру.
Сұрақтар:
- Үйде қандай электр құрылғылары бар?
- Олар жұмыс жасау үшін не қажет?
- Оларды іске қосу үшін не істеу керек?
- Суреттер көрсету. Суреттер арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

1. Электр энергиясын қалай алады?
Оқушыларға жұмыс істемейтін сағатты көрсету.
- Сағат не себепті жұмыс істемей тұр?
- Сағат жүру үшін не істеу керек?
- Батареялардың қандай түрлері болады?
- Олар неге бұлай аталған?
- Неге құрылғыларға батарея орнатады?
- Барлық құрылғыларға жұмыс істеу үшін батарея керек пе?
- Мысалы, теледидар энергиямен қалай қамтамасыз етіледі?
- Электр тогы розеткаға қалай келеді?
- Суретке қарап, адам электр энергиясының қандай көздерін пайдаланатынын айту. Оқушыларды электр энергиясының көздерімен таныстыру. Экологиялық тұрғыдан таза электр көздерін пайдаланудың маңызын, алдағы уақытта елімізде күн батареялары мен жел генераторларын кеңірек қолданудың қандай мүмкіндіктері барын талқылау.
2. Зертте. Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа зерттеуге арналған қажетті құралдар: кішкене шам немесе сымға жалғанған жарықдиодтар (светодиод), лимон, түйреуіш немесе мырыш бұрама шеге. Бірінші екі топ онымен қоса, картоп, тұздалған қияр мен алма алады. Оқушыларға өздерін ғалым ретінде сезініп, өз батареясын ойлап табуды тапсыру. Олар көгөніс пен жемістерден жасайды.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
Лимонмен тәжірибе жасау.
Қыстырғышты сымдардың біреуіне қыстыру. Жуан инемен лимонның қабығына тіліктер немесе тесіктер жасау. Лимонға қағаз қыстырғышты салып, оған сымның бір ұшын орап қою керек. Лимонға аралығы 1-1,5 см қағаз қыстырғыштан екінші сымның ұшын қадау керек. Алдымен лимонды сол жерде инемен тесу керек. Сымның екі еркін ұштарын қосып алып шамға жалғастыру керек. Эксперименттің нәтижесін талқылау.
Қорытынды: Лимон қышқылы мыс сыммен және құрыштан жасалған қағаз қыстырғышпен байланысқанда химиялық реакция басталады, осыдан электр тогы пайда болады........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ауызашар берудің пайдалары, құндылығы мен сауабы қандай?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle