Жарықтың шағылуы дегеніміз не? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Жарықтың шағылуы дегеніміз не? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылуы дегеніміз не? 2-сабақ
Оқу мақсаты: 3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
әртүрлі заттардың жарықты қалай шағылдыратыны жайлы ақпарат алады;
жарықтың шағылуын адамдардың қалай пайдаланатынын түсінеді.

Ұйымдастыру.
Суреттер көрсету

Сұрақтар:
- Бұл суреттерден не байқадыңдар? Суреттердің ерекшелігі неде?
- Судың бетінде қандай құбылыс байқалады?
- Осы құбылыстарды қалай түсіндіруге болады?
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Оқушыларды топтарға бөлу.
Тапсырма: өз бейнелер көрінетін және бейнелер көрінбейтін заттардың атын жазу. Жазбаларымен топ мүшелерін таныстыру.
- Жарықты шағылдыра алатын денелердің арасында қандай ортақ қасиет бар? деген сұрақ төңірегінде ой бөлісу.
1. Бейнесін тап.
Оқушылардың назарын суретке аудару. Суреттен Эврика өз бейнесін көре алатын заттарды тауып, атау.
Біз өз бейнемізді көре алатын заттардың қандай қасиеті бар?-деп сұрау.
2. Зертте. Қандай заттардың көмегімен қабырғаға күн сәулесін түсіре аласың?
Зерттеу бастамас бұрын сыныптың терезелерін жабу. Әр топқа ресурстар тарату. Зерттеуді екі кезеңде өткізу: 1. Оқушылар айна мен қара түсті қағаздың бейнені шағылдыра алатын/алмайтынын тексеру.
2. Басқа тағы қандай заттардың жарықты шағылдыратынын анықтау.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:
- Айнаны тігінен қойып, оған қолшамнан бұрыш жасай отырып, жарық түсіру.
- Қорытындысын жазу.
- Айнаның орнына қара түсті парақты алып, экспериментті қайталау.
- Қорытындысын жазу.
- Тағы басқа қандай заттардан күн сәулесін түсіруге болатынын анықтау.

3. Адам жарықтың шағылуын қалай пайдаланады?
Оқушыларға калейдоскоп көрсету. Оның қалай ойлап табылғаны туралы айтып беру.
- Адамдар қандай жарық шағылдыратын заттар пайдаланады? деген сұрақ қою арқылу ойлануға жетелеу.
Оқулықтағы суреттердің атын атату.
- Неліктен жол ережелері белгілерін жарық шағылдыратын бояумен бояйды?
- Велосипедке не себепті катафот тағады?
- Катафотты велосипедтің қай жеріне таққан дұрыс?
- Неліктен киімге жарық шағылдыратын таспалар тігеді?
- Мұндай киімдер кімдерге арналған?
- Неге мәшинеге алыстан көрсететін үш айна қойылады?
4. Ойлан. Кейбір ашық түсті заттар жарықты жақсырақ шағылдыратынын айту. Таза қар күн сәулесі түскенде жарықты шағылдыру мүмкіндігіне ие........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 528



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!