Дыбыстарды қалай естиміз? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыстарды қалай естиміз? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды қалай естиміз?
Оқу мақсаты: 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
дыбыс қаттылығын өлшеу бірлігімен танысады;
дыбыс қаттылығының арақашықтыққа байланысты болатынын түсінеді;
дыбыс қаттылығын өлшеп үйренеді.

Ұйымдастыру.
Жедел жауап. Оқушыларға өткен сабақта алған білімдерін тексеру үшін сұрақтар қою:
- Заттар қай кезде дыбыс шығарады? Дыбыстарды қалай қаттырақ шығаруға болады? Дыбыстар қандай болады?
- Дыбыс қайда жылдамырақ таралады: ауада ма, суда ма, әлде қатты заттарда ма? Жауаптарыңды дәлелде.

1. Дыбыс қаттылығын өлшеу.
Жеке жұмыс. Параққа қатты және ақырын дыбыстарды екі бағанға жазу, жазғандарын қалаулары бойынша оқу.
- Мектепте қандай дыбыстар естисіңдер?
- Қандай уақыт өлшем бірліктері бар?
- Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
Дыбыс қаттылығы да арнайы бірлікпен – децибелмен өлшенетінін түсіндіру. Оқушылармен бірге дыбыстардың мысалын және олардың өлшем бірліктерін қарастыру. Дыбыс қаттылығы 130 дБ-ден асса, адамның құлағы шыңылдайтынын айтып, денсаулыққа зиянды екеніне тоқталу. Мұндай дыбыстар кезінде құлақтың ішіндегі тамырлар жарылады. Суретте бейнеленген дыбыстардың қайсылары адамға жайлы болатынын сұрау.
2. Зертте. Зерттеу жұмысының алдында қойылатын сұрақтар:
- Телефонмен сөйлескен кезде неліктен тұтқасын құлағымызға жақын ұстаймыз?
- Неге қоңыраулы сағатты басқа бөлмеде емес, төсектің қасына қоямыз? Оқушылардың жауабын тыңдау.
Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа сантиметрлік таспа мен ұялы телефон беру. Бір оқушы сыныптан дәлізге шығып, бір сөйлемді қайта-қайта қайталау керек.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Дыбыс жақсы естілетін арақашықтықты өлшеу.
• Дыбыс бәсең естілетін арақашықтықты өлшеу.
• Дыбыс естілмейтін арақашықтықты өлшеу.
Әр топ зерттеу нәтижесінің қорытындысын айтады.
Зерттеу нәтижесінде оқушылар дыбыс қаттылығы дыбыс көзі орналасқан қашықтыққа байланысты деген қорытындыға келеді.
3. Шу.
- Қатты, құлаққа жағымсыз дыбыстар қай жерлерде кездеседі?
- Сыныпта, мектепте үзіліс кезінде шулы ма? Шуды қалай азайтуға болады?
- Бөлмеге даладан шу қатты естілмес үшін адамдар не ойлап тапты?
- Шудың есту мүшемізге қандай зияны бар?
- Шудан қалай қорғануға болады?
4. Сен білесің бе?
- Дыбыс бәріне естілу үшін қандай құралдар қолданылады?
- Суреттерге назар аударту. Рупордың осыдан 300 жыл бұрын ойлап табылғанын айту. Рупор дыбысты бір бағытта таратады, сондықтан ол қатты естіледі. Алғашқыда ол шыны не темір конус түрінде болған. Оны көбінесе кеме капитандары теңіз бетінде кездескенде бір-бірімен тілдесу үшін пайдаланған. Қаншама жылдар өтсе де, бұл құрал біздің күнделікті өмірімізде жиі қолданылып келетінін айту........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 535



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!