Сабақ жоспары (ұмж): Зерттеуді қалай жоспарлау керек? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Зерттеуді қалай жоспарлау керек? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Намаз оқып үйрену үлгісі (суреттерімен) Абу Ханифа мазхабы бойынша

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Зерттеуді қалай жоспарлау керек?
Оқу мақсаты: 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Зерттеу жұмысын жүргізе білу дағдыларын дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал орнату.
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Кіріспе тапсырма.
«Мен журналистпін» ойыны арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын талдау. Тапсырманы орындау барысында зерттеу жұмысын жүргізудің маңызы жайлы ой қорытындылайды. Жетекші сұрақтар:
-Зерттеу жұмысын жүргізу сіз үшін қызықты ма?
-Зерттеу жүргізуде қандай ақпараттарға сүйенген дұрысырақ? Қалай ойлайсыз?
-Зерттеу жұмыстарын жүргізуде қандай құралдарды пайдаланған жөн деп есептейсіз?
-Сіз нені зерттегіңіз келеді?
-Зерттеуді бастамас бұрын не істеу керек?
-Зерттеуді қалай жоспарлайсыз?
-Қорытынды шығаруда неге сүйену керек? Ойыңызды айтыңыз?
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Нені зерттеуге болады?
Мақсаты: Оқушылардың зерттеу тақырыбын анықтауға, зерттеу жүргізудің нақты мүмкіндігіне баға беруін дамыту.
Тапсырманы орындауда топтасып жұмыс істеуге болады.
Топқа біріктіру. Оқушыларды ортақ тақырыпқа сәйкес бірнеше топтарға біріктіру. Мысалы, «Мозайка» әдісі бойынша сюжеттік суреттерді (Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік) пайдалану.
Тапсырмада оқушылар нені зерттеуге болатынын анықтайды, зейіні, тапқырлығы дами түседі. Мысалы, табиғатқа қатысты құбылыстарды, жануарларды бақылап, оның ерекшеліктерін бақылау, ауа райына байланысты адамдардың іс-әрекетін және тағы басқа сюжетті суреттерді тарату. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар тізімін жасайды. Тізімді кластерге түсіреді.

Оқулықта берілген суретті талдай келе, оқушылар зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығын түсінеді. Сұрақтар:
-Қандай материалдар жасалған күртеше жылырақ болады?
-Бас киімнің қандай түрін суықта киген дұрыс?
-Күн суытқанда қандай аяқ киім кию керек?
Оқушылар өз болжамдарын айтып, ойларымен бөліседі.
ҚБ. Мұғалімнің «Бас бармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Өз гипотезаңды ұсын.
Тапсырманың басты мақсаты оқушыларда гипотезаның мағынасын түсінуін қадағалау. Оқулықта берілген ережені талдай келе, бірнеше зерттеу сұрақтарын құрастыру керек.
«Менің хатым» ойыны бойынша оқушылар нені анықтағысы келетінін, нені зерттегіні келетіні жазып, хатқалтаға салады.
Мұғалім хатқалтадан кез-келген хатты оқып, оқушыларға болжамдарын айтқызады. Болжамдар талқыланады.
ҚБ. Мұғалімнің ауызшақалыптастырушы бағалауы.
Ресурстар.
Мақсаты: Зерттеу жұмысын жүргізуде ресурстарды пайдаланудың маңызын түсіну........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шариғат бойынша кімдермен некелесуге болмайды



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle