ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Электр тізбегін қалай көрсетуге болады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегін қалай көрсетуге болады?
Оқу мақсаты:3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;
3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;
3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинап, электр тізбегі элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Күн сәулесі» ойынын ойнату.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып ортадағы күн сәулесі бейнеленген шардан тілек жазылған стикерлерді алады.
Кіріспе тапсырма.
Оқушыларға электр тізбегінің суреттерін таратып, олардың қандай құрылғыларға жататынын анықтауға ұсыныс беру.
Электр құрылғысы істен шыққанда не істеу керектігін сұрап, оқушыларға кластер құруға бағыт беру. Құрылғы істен шыққанда не істеу керектігін сыныппен талдау.
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Тізбек элементтері.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар электр тізбегінің шартты белгілерімен танысады.
Оқушыларды «Поле чудес» ойыны арқылы электр тізбегі элементтерімен таныстыру. Поле чудес тақтасына электр тізбегінің шартты белгілерінің суреттерін жапсыру. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.
-Суреттерде қандай электр құралдары бейнеленген?
-Тізбектің әр элементін қандай белгілермен белгілеу керек деп ойлайсыңдар?
-Шартты белгілердің қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыңдар?
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Модель жасау.
Тапсырманың мақсаты: Электр тізбегінін шартты белгілерін ажыратып, оларды құрастыру.
Тапсырманы жұптасып немесе топпен орындауға болады.
Модельдеудің жоспары:
-Электр құрылғылардың шартты белгілерін ажырату, салыстыру;
-Электр құрылғылардың сипаттамалары мен қызметін талдау;
-Электр тізбегінің фотосуретіне сүйеніп, суреттерден электр тізбегін құру.
Ресурстарды тарату. Электр құрылғыларының суреттері , электр құрылғылардың шартты белгілері, электр құрылғылардың қысқаша сипаттамасы (аты, қызметі) жазылған үлестірмелі парақшалар, батарея, тұғырға орнатылған кішкентай шам, кілт, сымдар, электр тізбектерінің суреттері бар бірнеше парақтар. Ресурстар қоры болмаса электронды нұсқасын алдын ала дайындау керек (презентация дайындау).
Модель жасауда:
-Оқушылар әр құрылғының сипаттамасымен танысады, оның суреті мен шартты белгісін табады;
-Әр топ немесе жұп шартты белгілер бейнеленген суреттерден электр тізбегін құрады.
Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларға немесе оқушы тобына электр сызба арқылы электр тізбек құру ұсынылады.
Қорытындылауда оқушылар бір-бірінің жасаған модельдерін салыстырып, қателерін түзеп, жұмыстарына баға береді.
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Электр тізбегі.
Мақсаты: Шамның қандай жағдайда жанатынына талдау жасау, электр тізбегін құрудағы талаптармен танысу.
Тапсырманы жұппен орындау ұсынылады. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, құрылғылардың әрқайсысын сызбадан табады. Жетекші сұрақтар:
-Суретте қандай элементтер бар? Атаңдар.
-Шам мұндай жағдайда жанады ма? Неліктен?
-Шамның жанбауына тағы не әсер етуі мүмкін? Ойыңмен бөліс.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Ойлан.
Шам мен кілттің орнын ауыстырған жағдайда шамның жұмыс істеуі не істемеуі талқыланады. Оқушылардың жауаптары тыңдалып, әр жауапты талдау......
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Мико - Сегодня, 00:28
Орыс тілі (русский язык) (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Өтінемін көмек керек 6 сынып тжб 1 тоқсан🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺🥺

ШАПАТЖАНОВА АРАЙЛЫМ ГАЛЫМЖАНОВНА - Вчера, 23:41
Ақыл-ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының саналы оқу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері

Шет тілі пән мұғалімі

Абишев Даулет Жумажапарович - Вчера, 23:41
Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері

КҮШТІ

Абишев Даулет Жумажапарович - Вчера, 23:40
Дене шынықтыру | Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру әдістемелік ерекшеліктері

ЖАҚСЫ САЙТ

жаратылыстану - Вчера, 22:52
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:49
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:48
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптың тжб тапсырмалары қажет еді

жаратылыстану - Вчера, 22:45
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан 5 сыныптың тжб тапсырмалары қажет

Гость лаура - Вчера, 22:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

3 класс тжб бжб жауаптар барма жеберш

Жасмин - Вчера, 22:34
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану