Сабақ жоспары (ұмж): Адам жануарларды қалай асырайды? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Адам жануарларды қалай асырайды? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Адам жануарларды қалай асырайды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.3.1.3 Жабайы және үй жануарларын ажырату
Сабақтың мақсаттары: Үй жануарларының қорасымен танысу
жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырата білу.

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
ОМ таныстыру
Адам қандай жануарлар асырайтынын
Үй жануарларына адамдар қандай қамқорық жасайтынын білетін боласың.

Жұмбақ:
«Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
- Бұл қандай мал?

Түйенің төлі қалай аталады?

«Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім»
- Бұл қандай жануар екен?

Мүйізі айдай иірген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы
Жегенде тілді үйірген.

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

Табанынан тыз етiп,
Жүрсе дағы сыз өтiп.
Күнi-түнi ерiнбей,
Үйдi жүрер күзетiп

Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
Қалай ойлайсыңдар, неге оларды үй жануарлары деп атайды?
Төрт түлік төлдерін кім атап береді?
Қойдың төлі -қозы
Сиырдың төлі - бұзау
жылқының төлі- құлын
түйенің төлі- бота
ешкінің төлі- лақ
Үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасайды?
Енді осы төрт түліктің тұратын арнайы орындарымен танысайық.
Сиырқора, атқора,шошқақора, қойқора, иткүрке.
Әр жануарларға арнайы қора салынады.
......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle