Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар тірі ағза (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар тірі ағза (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар тірі ағза
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың­ ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушылардың эмоциялық көңіл күйін сабаққа аудару үшін
“Қайырлы таң” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ойын барысында мұғалім оқушыларға “Қайырлы таң!” деп тілек айтады. Мұғалімнің айтқанына келісетін оқушылар қол соғуы керек.

Әрі қарай оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында мұғалім “Өсімдіктер дегеніміз не? Өсімдіктер қандай болады? Олар неге тірі ағзаларға жатады?” деген сияқты сұрақтар қояды.

Топтарға бөл. Бұл тапсырманың мақсаты өсім­діктер және жануарларды топтастыру болып табы­лады. Тапсырманы оқушыларға жұппен орындатуға­ болады. Берілген жұмыс нәтижесінде оқушылар­ өсімдіктердің­ жанды ағза екенін түсінеді.
Жауабы
Өсімдіктер: қарағаш, итмұрын, түймедақ. Жануарлар: құлан, түйе, аққу.
Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр.

Оқушылардың­ назарын бірінші қатардағы суретке аударыңыз. “Өсімдіктің қандай ерекшелігі бар? Жанды ағзалардың қандай белгілері көрсетілген?” Әрі қарай үш бағандағы суреттерді салыстырып, қандай ортақ белгісі барын анықтаңыз. Бірінші ба­ ғандағы сурет (өсімдік өскіні де, марғау да қорек­ теніп жатыр, яғни екеуі де қоректі қажет етеді) пен екінші бағандағы суреттерде не ортақ (өскіннің де, марғаудың да өсіп қалғаны байқалады, яғни екеуі де өсуге қабілетті) және үшінші бағандағы суреттерге назар аударыңыз (өсімдік гүлге айналды, кішкене марғау — мысыққа айналды, гүлдің жанында жас өскіндер пайда болып келеді, ал мысықтың жанында кішкене марғау пайда болыпты, яғни екеуі де ұрпақ беріп, көбеюге қабілетті).

“Көжек” атты сергіту сәті
Суреттерді сипатта. Оқушылардың назарын тағы бір рет үш бағандағы суреттерге аударыңыз. Бірінші қатардың екіншісінен басты айырмашылығы не екенін табуды сұраңыз. Бұл жұмысты топпен орындауға болады.
Марғау қалай қозғалатынын сұраңыз. Үлкен мысық сияқты қозғала ма? Қимылдарды пантоми­ мамен­ көрсетуді ұсыныңыз. Ең жақсы пантомимаға жарыс ұйымдастырыңыз.
Зерттейік. Егер ауа райы қолайлы болса, оқу­ шыларды мектеп алаңына шығарып бірнеше­ жанды ағзаларды тауып алуға ұсыныс жасаңыз­. Ол үшін қағаз ұстайтын тақтайшалар мен фотоап­парат­ немесе бейнекамера керек.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Иман үйіру дұғалары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle