Бізді қоршаған орта (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Бізді қоршаған орта (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Бізді қоршаған орта
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Қоршаған орта дегеніміз не екендігін түсінеді.
Мұғалімнің көмегіне сүйене отырып ақпарат көздерімен жұмыс істей алады.
Сабақ мақсаттары: Қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді.
Барлық қоршаған орта табиғат және адам қолымен жасалатынын біледі.

1) Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы өлең шумағын хормен оқыту.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

Оқушыларға көздерін жұмғызу,құстардың үніне байланысты әуен тыңдау.
«Құстардың үні»
Ал енді көздеріңді ашыңдарАл сендер бұл әуенді естігенде қандай сезімде болдыңдар?? Құстардың үні адамды тыныштандырады және ерекше күйге енгізетіні белгілі.
Ал енді маңайларыңа, қоршаған әлемге көз салыңдар?Не байқадыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сонымен бүгінгі сабағымыз не жайында болмақшы?
Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған орта.

Қызығушылықты ояту. «Сиқырлы қорап» ойыны
Ойынның шарты: Әшекейленген екі қорап,біріншісі –қызыл, екіншісі –жасыл.
Оқушылардан ақ қағаз бетіне өздерінің айналасындағы барлық заттарды: адам қолымен жасаған заттарды және табиғи заттарды жазуын сұрау.
«Қызыл қорап»- адам қолымен жасалған заттарды
«Жасыл қорапқа»- табиғи заттарды салғызу.
Сонымен бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады?
ҚОРШАҒАН ОРТА
Сабақ соңында «Сиқырлы қорап» ішіндегі жазылған сөздерге қайтып келу.
Сабақтың мақсаты:
Қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді.
Барлық қоршаған орта табиғи зат және адам қолымен жасалатынын біледі.
Жетістік критерийлері:
Қоршаған орта, табиғат жайында біледі.
Табиғатқа қамқорлық жасау керектігін түсінеді.
Қоршаған ортадағы барлық дүние бір- бірімен тығыз байланысты екенін біледі.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 868



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі