Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

 Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Халықаралық құқық. Бөлімше: Халықаралық жария құқығы
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық жария құқығы түсінігі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау
Сабақ мақсаттары: Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіреді және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтайды.

ПЫМ Б. Шоу: "Енді біз құстар сияқты аспанға ұшуды, , балық сияқты суда жүзуді үйренген кезде, бізге тек бір нәрсе қалды – жер бетінде адам сияқты өмір сүруді үйрену". Автор бұл сөздермен не айтқысы келді? Оны қалай жасауға болады?
Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен танысу.
Видеосюжет көру.
Тарихи анықтама. Заманауи халықаралық құқықтың ерекшеліктері. Халықаралық құқықтың дереккөздері.
Негізгі:
- Халықаралық келісім шарттар, құқықтық дәстүрлер, құқықтың негізгі қағидалары.
Қосымша:
- халықаралық ұйымдардың актілері, халықаралық сот және төрелік органдардың шешімдері.
№1 тапсырма Топтық / жұптық жұмыс
Халықаралық құқық дереккөздерінің қандай түрлеріне жататынын анықтаңыз:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 ж.
2. ТМД экономикалық сотының регламенті 1997 ж.
3. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешімі 2002 ж.
4. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948 ж.
5. 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциялары
6. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар мәртебесі туралы Конвенциясы 1951 ж.
7. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы 1989 ж.
8. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың 1975 ж. шешімі: Бельгияға қарсы Бельгия полициясының ұлттық кәсіподағы.
9. Бала құқығы декларациясы 1959 ж.
Дескрипторлар:
- Оқушылар халықаралық құқықтың негізгі көздері бойынша жауап береді»
- Оқушылар халықаралық құқықтың көмекші көздері бойынша жауап береді.
№2 тапсырма Топтық / жұптық жұмыс
Қандай халықаралық сот инстанцияларының юрисдикциясында келесі талаптарды қарау кіреді?
1. Зейнетақы төленбеуіне байланысты зейнеткер К. Қазақстан үкіметіне талап-арыз.
2. Басқа елдердің аумағында жергілікті әскери қақтығыстарға қатысқан ҚР азаматтарына қатысты талап.
3. Бұрынғы Семей ядролық полигонына іргелес жатқан аумақ тұрғындарының ҚР басшылығына денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызы.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 653



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?