ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

 Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері
Сабақ тақырыбы: Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын талдау
Сабақтың мақсаты: Құқықтық саладағы азаматтық іс жүргізудің ерекшелігін анықтау;
Азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен қағидаларын жіктеу;


Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу үшін оқушыларға жаңа тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіліп төменде берілген сұрақтарға жауап береді:

«Азаматтық» ұғымын қалай түсінесіз?
Қазақстанда азаматтық іс жүргізу қандай деңгейде жүзеге асады?
Азаматтық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттері қандай?
Азаматтық іс жүргізудегі алға қоятын негізгі мәселелері қандай?
Осы сұрақтарға байланысты оқушылармен пікірталас ұйымдастырады.
Оқушылармен зерттеу сұрақтарын таныстырады:
Зерттеу сұрақтары:
Азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен қағидаттары қандай?
Азаматтық процестегі негізгі ерекшеліктері қандай?
Азаматтық процес қалай жүзеге асады?
Б/Т Зерттеу мен талдау
1-тапсырма
Берілген мәтін бойынша азаматтық іс жүргізудің кемінде үш ерекшелігін жазыңыз:

2-тапсырма:
Азаматтық іс жүргізудің кемінде төрт міндетін бөліп жазыңыз:

3-тапсырма
Төменде берілген баптың мағынасын ашып түсіндіріп жазыңыз:
4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.
5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары
1. Азаматтық сот ісін жүргізу осы тарауда жазылған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеледі...
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Гость Айбат - Вчера, 23:08
Дүниежүзі тарихы (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1-бөлім «Бірінші дүниежүзілік соғыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырыптар

Мырзахметова Наргиза Каримовна - Вчера, 23:03
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Жақсы сайт. Қандай тапсырма іздесең табылады, және толық берілген.

Ержан Марал - Вчера, 22:49
Алгебра (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ТЖБ 9сынып Алгебра жауап

Гость Гулнур - Вчера, 22:46
Олимпиадалық тапсырмалар: Ағылшын тілі (5, 6, 7 сынып)

Жауаптары барма

Гость Диас - Вчера, 22:27
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометриядан 1 тоқсанның ТЖБ керек

Гость Жасулан - Вчера, 22:22
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

8 сынып ағылшын бжб 1 тоқсан бар ма

дозшозщ - Вчера, 21:56
Күз туралы шығармалар топтамасы

как дела

Хорошо - Вчера, 21:27
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мм

Гость Сабина - Вчера, 20:45
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған Информатикадан Тжб керек

Наргиз - Вчера, 20:43
Ағылшынша шығарма: My first school

Меним атым Наргиз меним жасым 11-де меним отбасында 7 ти адам бар