Жағалаудағы көрініс (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

 Жағалаудағы көрініс (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Жағалаудағы көрініс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1 Қоршаған ортаны зерделеу барысында визуалды бейнелердің ерекшелігін және көрінісін өзінің жұмысында түсіндіру.
3.2.2.1 Күрделі әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.
Сабақ мақсаттары: • Су бетіндегі нысандардың кескінін зерттеу негізінде қоршаған дүниенің ерекшеліктерін түсіндіру;
• Ұсақ толқынды су бетін бейнелеу үшін түрлі материалдар мен көркем техниканы пайдалану;
• Суретшілер жұмыстарында су айдынын бейнелеу тәсілдерін сипаттау.

Тақырыпқа кіріспе
Сабақтың басында табиғат дыбыстарының жазбасын, мысалы, сарқырама немесе теңіз толқынының шуын қосып қойыңыз. Осы дыбыстарды тыңдата отырып, оқушыларға сабақ тақырыбын хабарлаңыз.

Айнаға қара
Жұмыс формасы - жеке
Оқушылардан айнаға қарауын және онда нені көргендерін айтуын сұраңыз. Оқушылар айнаның өз беттерінің кескінін көрсететінін түсінуі тиіс. Кескін бейне нысанның өз бейнесіне сәйкес келеді.
Сұрақтарға жауап бер:
• Нені көріп тұрсың?
• Ал досың өз айнасынан нені көрді?
• Неліктен айна түрлі кескіндерді көрсетеді?
Оқушыларға тыныш су қоймасы мен жел кезіндегі су бетінің көрінісі бейнеленген фотосуреттерді қарауды сұраңыз.
Сұрақтарға жауап бер:
• Судың бетінде не болып жатыр?
• Неліктен екінші суретте суқойма мекендеушілері көрінбейді?

Эксперимет жаса
Судың бетінде ұсақ толқынның қалай түзелетінін көрнекі түрде көрсетіңіз. Үлкен диаметрлі ыдысты дайындап қойыңыз, оған су толтырыңыз. Оқушылардың сабақтағы қауіпсіздігі мақсатында мұны өзіңіз істеңіз. Оқушылар алдымен тыныш жатқан су бетін тамашалайды. Содан соң оқушылардан су бетіне үрлеуді сұраңыз. Оқушылар су толқынданған кезде бейненің бұрмалағанын көруі үшін түбіне шағын жалпақ заттарды немесе ламинирленген суреттерді салып қоюға болады. Тапсырманы топпен көрме үстелінде (мүмкіндік болса) орындайды.

Су көріністері салынған көркем туындыларды оқушылармен бірге қарастырыныз, жұмыстарды талданыздар.
Сұрақтарға жауап бер:
• Суретшілер су бетіндегі кескінді қалай бейнелейді?
• Кескін қай кезде анық көрінеді?
• Су бетіндегі кескінді көрсету үшін қандай көркем құралдарды қолданған?
• Суреттерге қарап ауа райын анықтауға болама?

Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, "Судағы көрініс" деген тақырыпта пейзаж салады.
Алдымен олардан желді және желсіз күн райында су бетінде нені көрге болатыны жайлы ойлануды сұраңыз. Содан соң, әртүрлі күн райы жағдайында су айдынының ерекшеліктерін бере отырып, пейзаж салады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 305



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі