Сценарий: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

Сценарий: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Пітір садақа берудің маңызы

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

1 - жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата - аналар! Ұлағатты ұстаздар!

1 - жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,

2 - жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.
Шыбықтай өсіп шынар бол – бүгін 1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

1 жүргізуші: 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған 1 - сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл күн – бүлдіршіннің балалықтың бал - шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.

2 жүргізуші: Болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы нәрімен сусындағалы отырғалы 1 - сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.
Сынып жетекшісі: Садыхова Менсұлу Декабровна

1 жүргізуші:
Көңіл толы нұр ағыс
Мен де шаттық жайдамын.
Құтты болсын қуаныш,
Құтты болсын мейрамың!
(Музыка ойнап тұрады, ортаға 1 - сынып оқушылары кіреді.)

2 жүргізуші:
Қуаныш бүгін, мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Бүлдіршінге бір сәлем! Бүлдіршіндердің құрметіне ------------------------------------- орындауындағы........... әнің қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: Қымбатты 1 - сынып оқушылары!
Білім ордасы - мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын! Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
2 - жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы, Құтты болсын, болашақ баспалдағы

1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата - аналар мен қонақтар! Дәстүрлі 1 - қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2 - жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа.
Жарасады жігер берер әнұран.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. )
Тудың қасына тұру құрметіне ие болғандар мектебіміздің оқу озаттары:
8 - сынып оқушысы Мәдиұлы Жоламан мен 4 - сынып оқушысы Лұқпан Ақниет

1 - жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз.
Биылғы 2017 - 2018жаңа оқу жылы атаулы күндермен тұспа - тұс келіп отыр.
- Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл;
- Астана Экспо - 2017 «Болашақ энергиясы»Халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылуда.

2 - жүргізуші: Ұстаздар мен шәкірттер! Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш - жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні - мерекең! мәнерлеп оқу Ерболат Назерке «Алғашқы қоңырау»

1 - жүргізуші: Ерекше күн, бүгін тілек - баталар
Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы
Құт қонақтың тілегінен нұрланар. Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. Аудан әкімі аппараты
2. Аудандық оқу бөлімінің
3. Ауылымыздың құрметті азаматы -
4. Ардагер ұстаз -
5. 1 - сынып ата - анасы......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне сыйлық таңдаймыз



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle