Сабақ жоспары (ұмж): Бірге демаламыз (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бірге демаламыз (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Арықтап, жүдеген кезде оқылатын дұға

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Бірге демаламыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру
3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну музыкалы
3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаттары: • «Отбасы күні» туралы әңгімелесу
• «Ағайынбыз бәріміз» әнін тыңдау және талдау;
• «Халықтар достығы» тақырыбына өлең шығару;
• Өлеңге әуен құрастыру және аспаппен сүйемелдеп орындау.

Мұғалім сабақтың басында оқушыларға мерекелік іс-шаралар суреттелген карточкалар таратып беру. Оқушылар сол мереке туралы әңгімелеп береді.

1-тапсырма. Сыныпта талқылау.
- Сіздің отбасыңызда демалыс күндер қалай өтеді?
- Отбасыңызда қандай дәстүрлер сақталған?
- Отбасыңызда сіздің рөліңіз қандай?
-Отбасы күнін қалай атап өтесіздер?
2- тапсырма. Тыңдалым және талдау.

Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында «Ағайынбыз бәріміз» әнін тыңдау.
Сұрақтарға жауап бер:

- Тыңдаған әндеріңіздің қандай мерекеге арналған?
- Ән қай ладта жазылған?
- Әннің екпіні қандай?
- Композитор әннің мазмұнын жеткізу үшін музыканың қандай көркемдеуші құралдарын қолданған?
- Басқа әндерден өзгешелігі неде?
- Халықтар достығы мерекесі туралы не білеміз?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Жұппен «Халықтар достығы» тақырыбына екі шумақ өлең құрастыру. Өлеңге әуен жазу және оны музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындау.
4-тапсырма. Презентация және бағалау.
Шығарған композицияңызды сынып алдына таныстыру және критерий бойынша бағалау......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle