Cәбит Мұқанов (Жүрегімді мандат қып)

 Cәбит Мұқанов (Жүрегімді мандат қып)

Табиғат тарихында бірінші рет,
Түннің қара қылшықты түгі түлеп,
Түн күндізге айналып, қалғытпады
Түн болса тынығымпаз миды жүрек.
Көлемі жұмыртқадай болса-дағы,
Маған жүрек бейне бір жердің шары.
Жер уызы - миллион градус от
Секілді жүректің де ыстық қаны.
Тебіренсе жер уызы, ол асауды
Тоқтатуға болмайды: асқар тауды
Сілкеді сыртылдатып қатпар тасын,
Желпеді үрлегендей жел жалауды.
Жүректің қайнағанда уыз қаны
Дірілдеп сілкінеді оның қабы.
Сол кезде, сатыр-күтір тау тасындай
Қимылға айналады дене-дағы.
Он бірінші декабрь күні кешке,
Он екінші декабрь түсіп еске,
Қалғытпай миды жүрек, жұрт ұйқтамай,
Бұл түнді болмады бір күн демеске.
Жүз жетпіс миллионнан астам жүрек,
Бірдей қайнап, бәрінде бір-ақ тілек,
Тебіреніп, қалғымпаз ми тынықпай,
Түн күндізге айналды түгі түлеп.
«Бекерге қара мақпал жамыласың!»
Еркіме көніп менің бағынасың!»
Деп түнге отты жүрек бұйрық беріп,
Түн көніп өзгертті «түн» мағынасын.
Сол түні жүректің мен жетегіне
Еріп, сыймай денем кең пәтеріме,
Іңірде шықтым тысқа; кеудем көкке
Асқақтап Алатаудай көтеріле.
Ой толқыса ақынға тауық төмпе,
Шарықтап лашындай түгі бөрте,
Асып ем Алатаудан, жерде төсек
Боп қалды түн жамылған мақпал көрпе.
Түн көрпесін аяққа таптай бастым,
Бастым да, шырқап әрі қарай астым.
«Күндіз», «түнді» білмейтін, күннен сәуле
Алатын жұлдыздармен араластым.
Сонда маған келген ой не десеңіз,
Ленин күн, маңында біздер жұлдыз.
Үздіксіз күн нұрынан сәулеленген
Көктегі көк жұлдыздай біз де бірміз!
«Түн тұрмақ, жердің күнсіз пұшпағында,
Жұлдыз күнге, біз Ленин штабына
Көз тігіп, жұлдыз - көктің, біздер жердің
Тұрамыз мәңгі-бақи ұшпағында.1
«Сондықтан он екінші декабрьде,
СССР - азаматы жұп боп бірге
Сұлу ән мен сұлу күй сусындатты
Көп жұлдыз көз тіккендей көкте күнге!»
Көктегі көп жұлдыздан алып үлгі,
Есіме түсірдім де сайлау күнді,-
Мекеніне кеп қондым: мезгіл екен
Москваша сағат алты болған түнгі.
Күміс қардың үстімен ұндай үкпе,
Жалтылдап бриллианттай тізген жіпке,
Тізіліп барады жұрт бар көшеде
Даусын беретұғын участокке.
Көшелер электрден сүттей жарық,
Ілген ту көше бойлап оттай жанып,
Барқыттай жұмсақ, балдай тәтті ән, күй,
Теңіздей тұр ауада толқынданып.
Ән тыңдап Алатаудың құз, тасы да,
Ән тыңдап Алматының қаласы да,
Ән тыңдап арық бойлай аққан бұлақ,
Ән тыңдап алмалардың ағашы да.
Ән тыңдап Алатаудың алабы да,
Ән тыңдап алабында адамы да,
Сұлу ән мен сұлу күй сусындатты
Тауды да, теңізді де, даланы да.
Кұлағым сусындады ән тыңдағыш,
Бұл ән, күйдің бәрі де маған таныс.
Әйткенмен тыңдай қоймай, өзім-дағы
Көтере сұлу әнге қостым дауыс.
Бақыт құсы далаға қонып тұрды,
Дала шаттық күйіне толып тұрды,
Кең дала арнасына ән, күй сыймай
Кемерден төгілгендей болып тұрды.
Қалқытқандай тек ізде су кемені,
Осы күйдің толқыны көпті, мені
Жүргізді, жылдам, көрдім лезде мен
Қырық төртінші сайлаулық учаскені.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!