Қосу формулалары 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

 Қосу формулалары 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

[quote] Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4A бөлім: Тригонометриялық формулалар
Сабақ тақырыбы: Қосу формулалары 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Тригонометриялық функциялардың келтіру формулаларын қосу формулаларын, қос және жарты аргументтің формулаларын, қосындыны көбейтіндіге түрлендіру формулаларын, көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формулаларын қорытып шығарады және есептер шығару кезінде қолданады
Сабақ мақсаттары: 9.2.4.8 Қосу формулаларын қорытып шығарады және қолданады.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Тілдік мақсатты ұсыну
sin, cos, tan (синус, косинус, тангенс)
жоғары/төмен бұрыштар
кері, көлденең, остер (осі), анықталу облысы.
II. Қайталау. Ауызша бірлік шеңбердегі нүктенің координатасы, функциялардың жұптығы, тақтығы, периодтылығы ұғымдарын қайталау.

ІІІ. Қосу формулалары ұғымын енгізу.
Анықтама. Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының тригонометриялық функцияларын осы бұрыштардың тригонометриялық бұрыштары арқылы өрнектейтін формулаларды қосу формулалары деп атайды.
IV. Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының косиннусын қорытып шығару
Айталық, бізге α және β бұрыштары берілсін және α≥β,α-β≤π болсын. Бірлік тригонометриялық шеңбердің бойында В(x_1;y_1) нүктесі α бұрышын, ал С(x_2;y_2) нүктесі β бұрышын анықтасын. Онда (ОВ) ⃗ векторының координаталары (x_1;y_1) болады, ал (ОС) ⃗ векторының координаталары (x_2;y_2) болады. Векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы бойынша

(ОВ) ⃗∙(ОС) ⃗=x_1 x_2+y_1 y_2 (1)
Ал синус пен косинустың анықтамасы бойынша
sin⁡α=y_1,sinβ=y_2,cosα=x_1,cosβ=x_2 болса, онда (1)-ші теңдік
(ОВ) ⃗∙(ОС) ⃗=cosαcosβ+sinαsinβ (2) түрінде жазуға болады.
Екінші жағынан,

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 171



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?