Қанатты (нақыл) сөздер: Шалкиіз Тіленшіұлы

Қанатты (нақыл) сөздер: Шалкиіз Тіленшіұлы


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қарапайым ақыл-кеңестер

Тәңірі өзі бермесе – «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас.

Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай.

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.

Есендікте — малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе — дұшпанның қолы жете алмас.

Арғымақ атқа көп міндім — садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім — садаға кетсін туғаннан.

Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі.

Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.

Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.

Жүк тиесең — кетерсің, ниет етсең — жетерсің.

Теңеу: боз үстінде от жағып, бұзбай бұлан пісірген мен иемнің бөрлі ала тасы едім, жау көрген күн — жүрегінің басы едім, көз үстінде қасы едім.

Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.

Теңеу: ертеңнен салса — кешке озған, ылдидан салса — төске озған.

Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.

Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,
Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.

Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар.

Саған дұшпан – маған жау.

Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.

Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.

Бар күшіңді сынамай – балуандармен күреспе.

Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.

Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.

Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.

Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер.

Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.

Күлелік те, ойналық,
Киелік те ішелік.
Мынау жалған дүние,
Кімдерден кейін қалмаған?!

Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас.

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.

Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің.

Жаманның жалаңдаған тілі жау.

Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.

Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр.

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Ақылсыз достан,
Ақылды дұшпан артық-ты

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Біреудің қастығын қайтару дұғасы





Комментарии для сайта Cackle