Қанатты (нақыл) сөздер: Антон Чехов

Қанатты (нақыл) сөздер: Антон Чехов


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ораза ұстаушыға 13 кеңес

Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.

...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да.

Ұжданы бар адам иттен де ұялады.

Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.

Өтірік айтуға үйір болу - нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді.

Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.

Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.

Өмірдің бірінші қажеті еңбек болатындай етіп құра біл. Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ.

Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.

Арақ - ақ, бірақ мұрынды қызартып, абыройыңды қарайтады.

Жақсы адам иттің алдында да ұятты сезінеді.

Ешқашан, ешбір жағдайда өзіңнің дандайсуыңа да, менмендікке салынуыңа да жол берме.

Жақсы тәрбие сенің тұздықты дастарханға төгіп алмағаның емес, басқа біреу солай істегенде, оны сенің байқамауың.

Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.

Әйел болмаса еркек есінен, еркек болмаса әйел ажарынан айрылады.

Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек.

Сүю һәм сүйікті болу қандай орасан бақыт!

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды.

Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат.

Ақылды адам үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.

Қашан көрсең ақылды, жақсы сөз айтып жүретін адамдар болады. Бірақ ол адамның топас екені сезіліп тұрады

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Махаббат - мәңгі ертегі



00


Комментарии для сайта Cackle