Альберт Эйнштейн

 Альберт Эйнштейн

Адамдардың қате түсінігін бөлшектеу – менің атомды бөлшектеуімнен де қиын.

Ақиқат — тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе.

Ғылым — қоршаған әлемнің барлық құбылыстарын жүйелеу арқылы жинаған адамзат ойының көпғасырлық жұмысы.

Қиял күші – барлық нәрсенің негізі. Сіздің күтіп тұрған көркемдіктің фрагменті секілді. Қиял күші білімнен де маңызды

Ойынның ережелерін жақсы меңгеріп ал. Сонан кейін барып, басқалардан жақсы ойнауды бастау керек.

Шынайы өмірге қатысы бар математика заңдылықтары сенімді емес, ал сенімді математика заңдылықтарының шынайы өмірге түк қатысы жоқ.

Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Кітаптан тауып алатын нәрсеңізді ешқашан есте сақтамаңыз.

Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым.

Адам естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді, еңбек пен іс-әрекет үстінде қалыптасады.

Мен еш уақытта еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.

Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.

Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды.

Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.

Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.

Қолайлы мүмкіндік қиындықтар мен мәселелердің арасында жасырынып жатады.

Көру мен түсіну қуанышы — табиғаттың ең тамаша сыйы

Ақшаға сатып алуға болатын дүниелер өмірдің кереметтері емес

“Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”

Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар.

Алты жасар балаға бірнәрсе түсіндіре алмай жатсаңыз, демек ол нәрсені өзіңіз де түсінбегенсіз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!