Сабақ жоспары (ұмж): Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 4-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 4-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Астың бетін ашық тастама

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер
Сабақтың тақырыбы: Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу
Сабақтың мақсаты: Аралықтар әдісін қолданып бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешеді.

Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Үй тапсырмасын тексеру
Екі шеңбер
Оқушылар үй дәптерлері мен қырандаштарын алып, бірі ішінде, бірі сыртында орналасқан екі шеңбер болып тұрады. Ученики «ішкі шеңбердегі» оқушылар үй тапсырмасындағы а) теңсіздігінің шешімін айтады, ал «сыртқы шеңбердегі» оқушылар мұқият тыңдап, дәптерлеріне белгіл қойып, талқылау соңында өз ойларын айтады. Кейін ішкі шеңбер сағат тілі бойымен бір адамға жылжиды. Енді «сыртқы шеңбердегі» оқушылар б) теңсіздігінің шешімін айтады, ал «ішкі шеңбердегілер» тыңдайды, белгі қояды, кейін шешімдері жөнінде өз ойларын айтады. Осылайша басқа тапсырмалар да тексеріледі. Мұғалім сыртынан бақылап, сұрақтар қою арқылы қажет бағытқа бағыттайды.

Сыныппен жұмыс
Оқушыларға (6x-1)/(4x+3)≤(3x-2)/(2x-1) теңсіздігін қалай шешеміз деген сұрақ қойылады.
Мұғалім оқушылардың әртүрлі ойларын тыңдайда, қолдайды. Талқылау барысында оқушылар бөлшек-рациионал теңсіздіктерді шешкенде бөлшек-рационал теңдеулер сияқты теңсіздіктің екі жағында айнымалысы бар өрнекке көбейтуге болмайды деген қорытындыға келулері керек, мысалы, бөлшектің ортақ бөлімі алдын-ала оң немесе теріс сан екені айтылмаса, олай жасауға болмайды.
Кейін шешім слайдта көрсетіледі, оқушылардан шешімді барлық сыныпқа түсіндірулерін сұрау керек, оқушылар шешімін дәптерлеріне жазып алады.

Жұппен жұмыс
Оқушылар екі теңсіздікті бір-біріне кезектесе түсіндіре отырып жұпта шешеді.
1. Теңсіздіктерді шешіңіз:
а) 5/(-6x+3)+6x/(1-2x)≥0;
б) (x^2+7x+8)/(〖(x+1)〗^2-9)-(3x+7)/(3x-6)≤0......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle