Сабақ жоспары (ұмж): Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақ тақырыбы: Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;
Сабақ мақсаттары: • Түзу мен шеңбердің өзара орналасу жағдайларын зерттей алу;
• Шеңберге жүргізілген жанама түзу мен қиюшыны ажырата алу;

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу, сабақ мақсатын қойып тақырыпты жазғызу.

Оқушылар «Атом. Молекула» әдісі бойынша үш топқа бөліп отырады. (Мұғалім «Атом, атом, атом ...» сөзін айтқан кезде оқушылар үздіксіз қозғалып араласады, ал мұғалім «Молекула 4 атомнан тұрады» дегенде оқушылар қозғалыс кезінде төртеуден молекула құрай қалады.)

Бөлінген үш топқа өткен сабақ тақырыбы бойынша өз ойларын айтқызу. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақтар қою. Тақырыпқа қатысты пәндік терминологияларды үйлестіріп беру, кезекпен айтқызу.

Топтық жұмыс ережелері
Өзара сыйластық
Басқаның ойын бөлмей тыңдау
Өз ойын сауатты, анық жеткізу
Топ ішінде бәсең дауыспен сөйлесу
Өзара ынтымақта болу, көмектесу
Анықтамалар мен теоремаларды нақты анық айту
Қарсы топты әділ бағалау
Сызбаларды мұқият құрастыру
Термин сөздерді үш тілде пайдалану
Топтарды бір–бірлерін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалату.


Топтық жұмыс. (20 мин)
Үш топ жаңа сабақ материалын игеру бойынша жұмыс жасайды
1 – топ
Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ.
2 – топ
Түзу мен шеңбердің бір ғана ортақ нүктесі бар.
3 – топ
Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі бар......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle