Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

 Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық бөлшектер
Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.29 Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдайды
Сабақ мақсаттары: Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартуды орындай алу.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Түрлі-түсті фигуралар таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы айтылады.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау.
- Оқушылар топта сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылап айтады.
1. Білу.
Тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдерді еске түсіру:
1) Қысқаша көбейту формулалары
2) Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару
3) Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу
4) Бөлшектің негізгі қасиеті
Оқушылар бөлшектерді қысқартуға қатысты есептерді орындайды.

2. Түсіну. Оқушыларға тақырыпты жақсы түсіну мақсатында жай бөлшектің негізгі қасиеттеріне қолданбалы мысалдар келтіру ұсынылады, (мысалы: жарты қорап және үштен бір қорап тәттілерді қосу т.с.с). Алгебралық бөлшектерге мысалдар, мысалы жүрілген жолдың уақытқа қатынасы, тіктөртбұрыштың ауданының қабырғасының ұзындығына қатынасы т.с.с.

Сергіту сәті. Музыка әуенімен билеп жүріп, музыка әуені тоқтаған кезде бір-бірін ұстап қалып,жұптарға бөлінеді.

3. Қолдану – талдау. «Алгоритм» ойыны.
1)Оқушылар жұптасып №490 1) және 3) есептерін орындайды, шығарылу жолдарын бір-біріне түсіндіреді.Үлгерімі төмен 3 оқушыны тақтаға шығарып бөлшектерді қысқартуға бірнеше есептер беріледі. Қажет болса түсіндіру жұмысы жүргізіледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 793



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі