Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)



Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;
8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану
8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Пифагор теоремасын меңгереді, тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін есептер шешуде қолданады.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды.
Үй жұмысына берілген тапсырманың шешімін екі оқушы ауызша түсіндіріп айтады, басқа оқушылар өз жұмысн тексеріп, білімінің деңгейін анықтайды
1. Бір бұрышы екінші бұрышынан 500 –қа артық болатын параллелограмның бұрыштарын табыңыз.
Жауабы: 650,1150
2. Трапецияның орта сызығы 7см-ге тең, ал табандарының бірі екіншісінен 4см артық. Трапецияның табандарын табыңыз.
Жауабы: 5см, 9см.
ІІ. Тақырыптарды қайталау
«Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар»
Білімдерін нақтылау үшін жаппай сұрау
Ауызша есептеулер
1. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті берілген. Екінші катетін табыңыз. Мұнда
Жауабы:
2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17 см, ал табаны 16 см . Үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігін табыңыз.
Жауабы: 15см
3. Ромбының диагональдары 5 м және 12 м, оның қабырғасын табыңыз.
Жауабы: 6,5дм;
4. Тікбұрышты үшбұрыштың биіктігі гипотенузаны ұзындықтары 1 және 9 кесінділерге бөлсе, үшбұрыштың ауданын табыңыз.
Жауабы: 15
ІІІ. Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру
Сараланған тапсырмалар
Тапсырманы оқушылар өздері өз деңгейіне байланысты таңдайды.
А деңгей. 1-9- тапсырмалар.
В деңгей. 10-16 - тапсырмалар.
С деңгей. 17-21- тапсырмалар.
Орындаған тапсырмасының шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады.
Тапсырмаларды жеке орындайды, өзін-өзі бағалайды, жіберген қателерін мұғаліммен жеке талдап, талқылайды.
Тексеру жұмыстарының қателіктерін талдау.
Оқушылардың көпшілігі игере алмаған тапсырмаларды қарастырылады.
Қатемен жұмыс жүргізіліп, қажет жағдайларда бағалау жұмысының жауаптары мен нұсқаулықтарын қолданып, оқушыларға жеке көмек көрсетіледі.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle