Кесінді ортасының координатасы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Кесінді ортасының координатасы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Кесінді ортасының координатасы
Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қорытып шығара алады;
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қолдана алады;

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
Үй жұмысын талдау.
Өткен тақырыпты қайталауға арналған тапсырма.
Кесіндінің ұзындығы формуласын пайдаланып, кестені толтырыңдар.
А(х1;у1) (3,4 ; 1,8) (–8;2)
В(х2;у2) (5,4 ; 1,8) ( ;5)
АВ 5

Жұптық тапсырма.
1-тапсырма.
Зерттеу есебі: кесінді ортасының координаталарының формуласын қорыту.
Оқушыларға координаталық жазықтық пен кестесі бар А4 қағазын таратыңыз.
1) Координаталар жазықтығында АВ кесіндісін салыңдар.
2) АВ кесіндісінің ортасы - К нүктесін салыңдар.
3) К нүктесінің координаталарын табыңдар.
4) К нүктесінің координаталарын кестеге жазыңдар.
5) Кесінді ұштарының координаталары арқылы оның ортасының координаталарын қалай алуға болады?
6) Алынған формуланы кестеге және дәптерлеріңе жазыңдар.
А(х1;у1) (3;1) (0;2) (4;-3) (6;7)
В(х2;у2) (5;1) (0;-8) (-4;-3) (2;3)
К(х;у)
формулалар хк= ук=

Тапсырма нәтижесі бойынша оқушылар белгілі бір заңдылықты анықтап, қорытынды жасайды.
x_K=(x_A+x_B)/2 y_K=(y_A+y_B)/2
Келесіне тапсырманы оқушылар сызбасын салмай-ақ формуланы қолданып орындайды:

2-Тапсырма. Кесінді ортасының координаталарын табатын формулаларды пайдаланып, кестені толтырыңдар.
А(х1;у1) (3,2 ; 1,8) (-8;2)
В(х2;у2) (5,4 ; 1,6) (-9;2)
К(х;у) (-4;6) (1;2)

3-Тапсырма. ABCD параллелограмның үш төбесі берілген: А(1;0), В(2;3), С(3;2). Төртінші D төбесінің координаталарын табыңдар.
Бағалау: жұптар жауаптарын ауыстырып өзара тексереді. Жылдам әрі сапалы орындаған оқушылар бүкіл сыныпқа өз әдістерін ұсынады.
Топтық жұмыс.
Әр топ кезекпен тақтада GeoGebra бағдарламасында кесіндінің екі шеткі нүктесін белгілейді, топпен бірлесе отырып оқушылар кесіндінің ортасының координаталарын анықтайды.
Бағалау: Мұғалімнің пікірі, топтардың өзара бағалауы.
Жеке жұмыс.
Кесіндінің ортасының координаталарын табыңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 562



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі