Жазықтықтағы координаталар әдісі 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Жазықтықтағы координаталар әдісі 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
кесінді ортасының координаталарын анықтайды
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
- кесінді ортасының координаталарын анықтайды;

Сабақты белсендендіру.
Сабақты белсендендіру.
Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:
Кез келген жазықтықтағы нүктенің неше координаты бар? (екі: абсцисса, ордината)
Тікбұрышты координаталар жүйесін кімнің атымен атайды, неге? (Рене Декрт, сол ең алғаш енгізген)
Пифагор теоремасы қалай тұжырымдалады? (катеттерінің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең)
Кесінді дегеніміз не? (шектелген түзу)
Кесіндінің ұзындығы дегеніміз не? (түз бойындағы екі нүктенің арасы. Оны кейде сегмент деп те атаймыз)
Кесіндінің ортасы (ортанүктесі) дегеніміз не? (кесінді бойында оның екі ұшынан бірдей қашықтықта жатқан нүкте)
Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру.
Ұжымдық жұмыс. Орта нүктені табу
Диаграммада А-ның координаттары(-4; 1)
В-ның координаттары(-1; -3)
М – берілген А және В нүктелерінің ортасы.
М-нің абсцисасы х= -2,5
Бұл дегеніміз М нүктесі А мен В-ның х-тарының жартыcында жатыр деген сөз. Сондықтан М-ның х-координаты А мен В-ның орта мәніне тең:
x_M=(-4+(-1))/2=-2,5
М-нің ординатасы у = -1
Бұл дегеніміз М нүктесі А мен В-ның у-тарының жартыcында жатыр деген сөз. Сондықтан М-ның у-координаты А мен В-ның орта мәніне тең:
у_M=(1+(-3))/2=-1
Сонымен, АВ кесіндісінің ортасы болып табылатын М нүктесінің координаталары мынаған тең:
M=((-4+(-1))/2;(1+(-3))/2)=(-2,5; -1 )
№1 есеп
A(-3;-2) және B(3;-1) нүктелері берілген.
М – АВ-ның орта нүктесі.
М нүктесінің координаталарын табыңыз.
ЖАУАБЫ: М(0; -1,5)
ШЕТКІ НҮКТЕНІ ТАБУ
Кейде А нүктесі мен М ортанүктесі беріліп, В-ның координаттарын анықтау керек болады.
Мысалы (суретті қараңыз):
А-ның координаттары(-2; 5)
М-ның координаттары(1,5; 2,5)
М – берілген А және В нүктелерінің ортасы.
Табу керек: В(х; у)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 564



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі