Сабақ жоспары (ұмж): Координатадағы есептерді шығару 3-сабақ (Б-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Координатадағы есептерді шығару 3-сабақ (Б-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)



Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатадағы есептерді шығару 3-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.14 координатасы бойынша жазықтықта екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
8.1.3.15 кесіндінің ортасының координатасын табу;
8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координатасын табу;
8.1.3.17 центрі (a; b) және радиусы r шеңбер теңдеуін білу: 〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2
8.1.3.19 берілген екі нүкте арқылы өтетін түзідің теңдеуін және жалпы теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 )
8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу
〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 ;
берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
координатадағы қарапайым есептер шығару.

I. Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылар назарларын жинақтайды, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтайды, оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтайды.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау «жазықтықтағы екі нүктенің ара қашықтығы», «кесіндінің ортасының координаталары», «шеңбер теңдеуі». Жалпылама сұрақтармен қайталау.
Әр оқушы формулалары бар жеке тапсырмалар алады. Формулалар мен олардың аналитикалық түрлері арасында сәйкестіктерді анықтайды.кестені толтырып болғаннан кейін жауаптары талқаланып, қателіктер түзетіледі. Оқушылар мұғаліммен бірге теориялық материалды қайталайды, қажет болса, оларды жазып, айтып отырады. Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.


Оқушылар формулаларды қайталайды: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.
Слайд көмегімен материалды қайталау көргенін есте сақтау арқылы анықтамалар мен формулаларды қайталауға мүмкіндік береді.

III. Есептер шығаруға практикум. Жұптардағы жұмыс.
Оқушылар жұптарда тапсырмаларды бір-бірімен салыстырып, ақылдасып орындайды. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жұптар жауаптарын бір-бірімен тексереді және салыстырады, яғни өзара тексеріс іске асырылады.
Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді, және оларды дұрыс бағыттап отырады.

IV. Практикалық тапсырма.
Топтардағы жұмыс. Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушылар координата әдістерін қолдануға топтарда есептер шығарады. Шешулерін қағазға жазады. Сосын жауаптарын басқа топ оқушыларының жауаптарымен салыстырып, есеп шешуін бір-біріне түсіндіріп өзара тексеру жүргізеді.
Мұғалім оқушылардың жұмыс барысында оларды бақылайды, қажет болған жағдайда көмек береді, шешу жолын түсіндіреді, өзіне ары қарай жұмыс барысында өзгертулер енгізу үшін нұсқаулар жасайды.

V. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Оқушылар тапсырмаларды орындарында жеке орындайды. Мұғалім жұмыс барысын, шешуін бақылайды, қиындық туындап отырған оқушыларға көмектеседі.
Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.
Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle