Сабақ жоспары (ұмж): Координатадағы есептерді шығару 3-сабақ (А-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Координатадағы есептерді шығару 3-сабақ (А-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қасиетті күндерде ораза ұстау

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатадағы есептерді шығару 3-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): координатадағы қарапайым есептер шығару
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
• кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
• центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша шеңбер сызбасын салу;
• берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша түзу сызбасын салу;
• формулаларды қолдану арқылы есептерді шешеді: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылар назарларын жинақтау;
2) оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтау;
3) оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ «8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару» мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Мақсатты мұғалім алдын-ала тақтаға жазып қояды. Координатадағы формулаларды қайталатыңыздар. Шеңбер және түзу теңдеулерін, кесіндінің ортасының координаталарын. Оқушыларға 1, 2 мысалдарды талдауды ұсыныңыз.
Өзін-өзі тексерумен математикалық диктант.
Бағалау критерийі:
- шеңбер центрі дұрыс көрсетілген;
- түзу теңдеуі дұрыс анықталған;
- центрі (a,bжәне радиусы r шеңбер теңдеуі дұрыс жазылған.
Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.
III. «GO TO» ойыны
Кабинеттің әр жерінде 11 тапсырма ілініп тұрады. Әр таратпа қағазда тапсырма нөмірі, тапсырма шарты және жауаптар нұсқалары бар. Әр оқушы тапсырманы таңдап алып, орындай бастайды. Тапсырмалар тест түрінде берілген. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушы жауабын ғана тауып қоймайды, ал келесі тапсырма нөмірін алады. Барлық тапсырмаларды орындап болған және бастапқы тапсырмасында қайтып оралған оқушы жеңімпаз болып табылады. Әр оқушы өз маршрутының дұрыстығын слайдтағы дұрыс жауаппен салыстырып, тексереді. Қажет болған жағдайда мұғалім консультация береді. Барлық тапсырмаларды орындап болғаннан кейін оқушылар бір-бірімен және интерактивті тақтадағы жауаппен жауаптарын тексереді.

Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топ бірдей тапсырмалар алады, және топтарға тапсырмаларды орындауға қағаздар және маркерлер таратып беруге болады. Тапсырманы орындауға уақытты шектеумен қойыңыз. Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, оны шеңбер бойымен келесі топқа береді. Әр топ тапсырманы бағалайды және егер қажет болса шешіміне түсіндірме жазады.

Бағалау критерийі:
30 минутта тапсырманы орындау және 3 минутта тексеру.
1. 11 тапсырманың 7 тапсырмасы дұрыс орындалған.
2. Немесе 5 есеп дұрыс орындалған: №7, №8, №9, №10, №11.


IV. Практикалық жұмыс.
Компьютер бар болса «1С:Математический конструктор 3.0», «Живая геометрия» немесе «GeoGebra» бағдарламаларын қолданып практикалық тапсырмалар орындатыңыз. Келесі теңдеулермен берілген шеңберлердің сызбасын салыңыздар:
1)(х – 2)2 + (у + 1)2 = 36
2) х2 + (у + 3)2 = 25

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.
Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Адамның жасына байланысты атаулар



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle