Өздік индукция құбылысы. Есептер шығару. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Өздік индукция құбылысы. Есептер шығару. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция
Сабақ тақырыбы: Өздік индукция құбылысы. Есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Фарадейдің электромагниттік индукция заңы мен Ленц ережесін қолдана отырып, есептер шығару
Сабақ мақсаттары: Өздік индукция құбылысының мәнін ашу және магнит өрісіне қатысты заңдарды қолдана отырып, тапсырмалар орындау арқылы білімдерін қорытындылау.

Оқушылармен амандасу, түгендеу
Кластер жасау

Демонстрация 1.
Екі бірдей шамды параллель жалғап, ток көзіне, біреуін реостат арқылы, екіншісін катушка арқылы қосамыз. Катушкаға өзекше енгіземіз.
Не себепті екінші шам біріншісінен кейін жанады?
Демонстрация 2.

Катушкасы бар тізбекке параллель кері бағытта жарық диодын қосады

Не себепті тізбекті ажыратқан кезде жарық диоды жанады?

Бұл сұрақтарға жауапты 1829 жылы Джозеф Генри ашқан өздік индукция құбылысы арқылы білетін боламыз.

Магнит өрісінің өзгерісі кезінде өткізгіште электр өрісі пайда болды. Олай болса, осындай құбылыс, ток көзіне қосылған орамада да өтеді. Кілтті тұйықтаған ток көзінің ЭҚК-не қарсы бағытталған индукция ЭҚК-і пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция құбылысы деп аталды.

Катушканың индуктивтілігінің үлкен болуынан өздік индукция ЭҚК-і ток көзінің ЭҚК-нен үлкен болып кетуі мүмкін. Тізбектің ажыратылған орнында аздаған потенциалдар айырмасының пайда болуы, көбінесе ауадағы электрлік тесілуге әкеліп соғады, яғни электрлік ұшқын пайда болады. Өздік индукция құбылысы электрлік сұлбаларда және сигналдарды тарату линияларында токтың артуын және кемуін ұстап отырады.


Ток күшінің өзгерісі, өздік индукция тоғының пайда болу себептерін қарастыру.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 856



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі