Қанатты (нақыл) сөздер: Қазыбек би

Қанатты (нақыл) сөздер: Қазыбек би


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Сулықтар сыры

Құт берекең - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.

Бір бала бар — атасына жете туады,
Бір бала бар — атасынан өте туады,
Бір бала бар — көтінен кері кете туады.

Тату болса – ағайын жақын,
Адал болса – дос жақын.

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,
Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады.

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағын шөберең жақын,
Туып өскен – елің жақын.

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

Ұят қымбат, ар қымбат,
Жаның сүйген жар қымбат.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Тарауих намазы (Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер, Тарауих намазының тасбихы, Тарауих намазы қалай оқылады? [видео])





Комментарии для сайта Cackle