Бауыржан Момышұлы
Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

Бақаның бағынан- сұңқардың соры артық

Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен.

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю.

Табандылық — батылдық қалқаны.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма.

Тексізден тезек артық,
Арсыздан аиуан артық

Тәрбиелі — тәртіптің құлы.

• Ердің туы – намыс.
• Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
• Ердің Еділ тобығынан келмейді.
• Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
• Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
• Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
• Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
• Қырағының өзі де, көзі де батыр.
• Ерлік – елеусіз қалмас.
• Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты.
• Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
• Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
• Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
• Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
• Командир – аға, солдат – іні.
• Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
• Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.
• Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
• Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
• Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір,
Өршеленген жаудың үнін өшір.
• Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
• Ер бақыты – ел қолында,
Ел бақыты – ерлер қолында.
• Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
• Қорқақ – қаққа шөгіп өледі.
• Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
• Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те - ерлік.
• Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
• Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл.

Су сұйық болғанымен, тас жарады.
Жел құз жартасты, құмға айналдырады.
От жұмсақ болғанымен, қатты ағашты күл етеді.
Байқап отырсақ, жұмсақ нәрсенің бәрі ең соңында келіп, қаттыдан әлдеқайда құдіретті, әрі күшті болып шығады.

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.

Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.

Күншілдік — өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туған құбылыс.

Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек.

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Жұмысқа жарап тұрғанымда, мен өзімді кәрілердің тізіміне қоса алмаймын.

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе?

Сәбиді қанша рет сүйейік, бәрібір мейіріміз қанбайды.

Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.

Заттар мен құбылыстарды танитын күш - ақыл деп аталады. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді.

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді.

Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

Ер өледі, ел қалады.

Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды,
Уставты білмеген – солдат болмайды.

Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт.

Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді. Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді.

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз.

Үлкен бастықтың қатаң сөккенінен гөрі де адамды өзінің ары сөгуі күшті.

Айдындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Алған әсерлерді жалған, жасанды түрде көрсету – соғыста ең сорақы бақытсыздық, қауіпті өтірік.

Жақсы бастық – жарты бақыт.

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Қайрат – қамал бұзады.

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.

Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.

Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың.

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Ұрлық, опасыздық – бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көркеуделік.

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Адал болмай азаматпын демегін.

Отан үшін отқа түс - күймейсің.

Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.

Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
жаман командир офицерін қор етеді.

Кір-қоқыс адамды аздырып, тоздырады.

Әділдікті мойындау— адал кісінің ісі.

Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Өз ұлтын сүю - өзге ұлтты жек көру емес.

Білмей тұрып билік айтудан аулақ болғын.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан.

Азамат жолы — ар жолы.

Арлы адам — ардақты, ар —ардақтың анасы.

Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.

Әркімде аяушылық сезімі болуы керек. Аяушылық сезімі жоқ адам қауіпті.

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап келе жатыр.

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

Біздің нақты болмысымыз – шындық.

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ердің туы – намыс

Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Шындық – суреткердің ұлы міндеті.

Намысты нанға сатпа.

Опасызда Отан жоқ. Отанда опасызға орын жоқ.

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.

Өтірік – барып тұрған зиянды у

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Өзің білмейтін адамдардың сыртынан ғайбат сөйлеп,обалына қалма.

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Пышақтың жүзі өтпесе, сабы қанша жақсы болғанмен, түкке жарамайды. Алдымен жүзі өткір болуы керек.

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.

Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.

Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады

Қой бастаған арыстан тобынан,арыстан бастаған қой тобы артық.

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Отаның үшін отқа түс – күймейсің.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Спс - Сегодня, 02:03
Ағылшын тілі (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Спс

ZHARAR - Сегодня, 01:28
Абай Құнанбаев (жыл мезгілдері - жаз, күз, қыс, жазғытұры)

барлығы жақсы мағыналы өлеңдер Абай атамыз ұлы ақын

бека - Сегодня, 00:35
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жер сілкінісінің ошағы

bekstin - Сегодня, 00:18
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тау жыныстарының тузылуы мен жылжыуы орын алатын терендегы нукте

Гость Аяулым - Вчера, 23:04
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фигуралардың қандай бөлігі боялған, жай бөлшек түрінде жазыңыз

Гость Мадина - Вчера, 23:03
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшыннан тжб 1-тоқсанның барма.Жоқ сияқты ғой,мен іздегені жоқ 😒😒😒😡😡😭😭😢😥🥺😟

Гость Айдана - Вчера, 22:48
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Можна ответ химия тжб

ТАМИЛА - Вчера, 21:04
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фотосы бар ма? Керек болып тур отиниш,

Гость Наргиза - Вчера, 20:54
Информатика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отинем

Миранда мирова - Вчера, 20:42
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ээ ля дайте пжж русский соч