Ампер күші. Лоренц күші (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Ампер күші. Лоренц күші (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампер күші. Лоренц күші
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.2 –сол қол ережесін қолдану және тогы бар өткізгішке және қозғалатын зарядталған бөлшекке магнит өрісінің әсерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну; Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсерін түсіндіру;
F=BILsinα және F=Bqsinα формуласын білу және сол қол ережесін практикада қолдану.

Оқушыларға мәтін жазылған қағаз таратылады.
Activity «Мәтін»
Оқушыларға сөйлемдегі бос орындарды толтырады. Оның мағынасын ашып сипаттайды.
Магнит өрісі
Магнит өрісінің ерекшелігі оны тек қана _______________________ және _________________________айналасында тудырады.
Магнит индукциясының векторы магнит өрiсiнiң ____________________________болып табылады.
Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң ___________ полюсiнен ______________ полюсiне бағыты алынған.
Магнит индукциясы векторының бағытын ________________________ бойынша анықтайды:

Ой қозғау:
Демонстрация:
Қажетті приборлар мен материалдар: ток көзі, жалғағыш сымдар, Амперметр, таға тәрізді магнит, реостат, тұрғы, кілт.


Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан болатын әсерді бақылау, қорытынды жасау.
Миға шабуыл. Жұппен талдау жасау.
Неліктен өткізгіш таға тәрізді магнитке қарай тартылады немесе одан тебіледі?
Әсерді қандай тәсілдермен күшейтуге болады?
Әсер етіп отырған күштің бағытын қандай тәсілдермен өзгертуге болады?
Оқушылар жұппен талдау жасап қорытынды шығарады. Сонымен қатар, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
Жасалған экспериментке сай теориялық мағлұмат беріледі.
Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.
Ток элементiмен α бұрышын құрайтын индукциясы В болатын магнит өрiсi тарапынан I тогы бар өткiзгiштiң Δl аз ғана кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнiң модулi F мына формула бойынша анықталады:


α=90º (sin90º=1) кезінде Ампер күшінің ең үлкен мәнге ие болады.
〖F 〗_max=BI∆l
Ампер күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады (сурет): егер сол қолды магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi.


Жұптық жұмыс:
Қосымша 1 «Ампер күшінің модулі мен бағытын анықтауға арналған тапсырмалар»
Дискриптор арқылы бағалау жасалады.
Сол қол ережесін қолданып, Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Ампер күшніңі модулін анықтайды.
Презентация арқылы түсіндіру:
Ампер тәжірибесі
1820 ж Ампер параллель орналасқан өткізгіштердің әрекетін зерттеді.
Егер өткізгіштегі токтардың бағыты бірдей болса, онда өткізгіштер өзара тартылады, ал токтардың бағыты қарама қарсы болса, онда өткізгіштер тебіледі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 265



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі