Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері 1-сабақ (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері 1-сабақ (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты: 10.2.1.39 құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;
10.4.1.10 қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.2.1.40 сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстыру;
10.4.1.11 тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру;
Сабақ мақсаты: Күкірттің табиғатта таралуын біледі
Күкіртті қосылыстардың жану реакцияларын сипаттайды
Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.
Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттерін салыстырады.
Күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіреді.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың тақырыбы мақсаттары айтылады.
Бейнематериал (W)
Мақсаты: Күкірттің табиғатта таралуын біледі
Сипаты: Бейнематериалда күкірт табиғатта таралуы туралы мәлімет көрсетіледі. Оқушылар тындай отырып, беріген сұрақтарға жауап береді
Оқушы іс-әрекеті: тындайды, сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім іс-әрекеті: бейнематериалды көрсетеді, сұрақ қояды.
Бағалау критерийі:
Күкірттің табиғатта бос күйіне және қосылыстар күйінде кездесетінің біледі;
Жұптық жұмыс (Р)
Мақсаты: Күкіртті қосылыстардың жану реакцияларын сипаттайды

Сипаты: Әр жұпқа құрамында күкірті бар қазбалы отындардың түрі беріледі. Оқушылар оқулықты қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазады. Күкірті бар қазба отындар жанғанда күкірт диоксиді түзіледі деген қорытынды шығарады.
Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар жұпта реакция теңдеулерін жазады, талдайды, сыныпқа түсіндіреді.
Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды, қажет жерде толықтырады.
Бағалау: Топтар өзара бағалайды.
Бағалау критерийі:
Пирит немесе басқада күкіртті кендерді жаққанда күкірт(IV) оксиді түзілу тендеуін сиптаттайды;

«Мәліметпен жұмыс» (I,W)
Мақсаты: Қышқыл жаңбырлардың қалыптасуын және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.
Сипаты: Оқушылар қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролі және оның қоршаған ортаға әсері туралы жазылған теориялық материалдармен танысады, бейнебаян көреді. Әр оқушы өзіне қажет мәліметтерді жинақтайды. Осы тақырыпта эссе жазады. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, сол топта әр оқушы өз жұмысын қорғайды.
Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар материалдармен танысады, талдайды, эссе жазады, қорғайды, бағалайды.
Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға теориялық мәліметтер таратады, бақылайды, қадағалайды, бағыт береді, қажет болған жағдайда оқушы жауаптарын толықтырады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 882



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!