р – элементтердің периодтық кестеде орналасуы, атом құрылысының ерекшелігі. Алюминий және оның қосылыстары. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 р – элементтердің периодтық кестеде орналасуы, атом құрылысының ерекшелігі. Алюминий және оның қосылыстары. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: р – элементтердің периодтық кестеде орналасуы, атом құрылысының ерекшелігі. Алюминий және оның қосылыстары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.31 атом құрылысы тұрғысынан р – элементтері мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің топта және периодта өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
10.2.1.32 алюминий оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу;
10.2.1.33 алюминий мен оның құймаларының қолданылуын сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
- атом құрылысын біледі және атом құрылысының элементтердің қасиеттеріне әсерін анықтайды;
- р – элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді;
- алюминий оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстырады, екідайлы қасиеттерін түсіндіреді;
- алюминий мен оның құймаларының қасиеттерін біледі және қолданылуын салыстырады;

Сабақ басында:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады.
Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру. Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелермен танысу.
Мұғалім мен оқушының іс - әрекеті: мұғалім кездейсоқ түрде оқушыларға атом құрылысы бойынша сұрақ қояды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді және екі элементтің атом құрылысын анықтайды.
Кері байланыс: Оқушы-оқушы
(Ж) 1 Тапсырма
Мақсаты: атом құрылысы тұрғысынан р – элементтері мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің топта және периодта өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
Сипаты: оқушылар р – элементтердің атом құрылысын анықтайды және қасиеттерінің периодта және топта өзгеруін сипаттайды;
Мұғалімнің іс – әрекеті:
Мұғалім кездейсоқ әдіспен оқушыларға химиялық элементтің таңбасы және атом құрылысы жазылған стикерлер таратады, қиындық туындыған жағдайда қосымша сұрақтар қою арқылы дүрыс жауапты анықтауға көмектеседі
Оқушының іс – әрекеті: оқушылар өздеріне берілген химиялық элементке сәйкес келетін атом құрылысын анықтап, тақтада берілген бос химиялық кестеге жабыстырады, алдыңғы білімін қолданып, период пен топтағы өзгерістерді анықтайды.
Бағалау критерийлері: оқушы
• р – элементтердің атом құрылысын анықтайды
Дескприпторлар:
• Элементтердің қасиеттерінің топта өзгеруінің негізгі заңдылықтарын түсіндіреді
• Элементтердің қасиеттерінің периодта өзгеруінің негізгі заңдылықтарын түсіндіреді
Бағалау: өзін - өзі бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 306



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!