Аминқышқылдары. Нәруыздар. (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Аминқышқылдары. Нәруыздар. (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Аминқышқылдары. Нәруыздар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.27 нәруыздағы а-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіреді, нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді, нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіреді
Басым бөлігі: аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін жазады
Кейбір оқушылар : нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін көмірсулармен салыстырады

Сабақ басында:
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;
- оқушылардың «жақын даму аймағы» - топтарды құрып алу;
- сабақ соңындағы күтілетін нәтижелерді ОМ қарап анықтап алу;


еруБо
1) нәруыздағы а-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру

№1бейнебаянды көрсету керек

Бейне баяннан алған білімін қолдану үшін 1- тапсырманы жасатуға болады
1-жаттығу
Аминқышқыл молекуласын А деп белгілеп, қосылыстар атауларын сәйкес құрылымдарымен сәйкестендір.
1)аминқышқылы • а)A – A•
• 2) ақуыз • ә)A – A – A
• 3) трипептид • б)A – (A)78 – A
• 4) полипептид • в) A
• 5) дипептид• г)A – (A)78 – A – A – (A)78 – A

Қ.Б.:Өзін-өзі тексеру: 1-в, 2-г, 3-ә, 4-б, 5-а
2- жаттығу
а) Глицин мен валин аминқышқылдарынан дипептид формуласын құрастырыңыз


ә) аминқышқылдардың өзара байланысқан байланысты атап, көрсетіңіз

2) нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу
Оқушылар топтарға бөлініп, зертханалық жұмыс жасайды
№17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"
Мақсаты: Жұмыртқа нәруызының қайтымды және қайтымсыз денатурациясын зерттеу
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, аммоний сульфаты, мыс сульфаты ерітіндісі, этил спирті, азот қышқылы, спиртшам, сынауықтар, шыны таяқшалар
Жұмыс барысы:
1-тәжірибе
Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне құрғақ аммоний сульфатын қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнбаның еруін түсіндіріңіз.
2- тәжірибе
Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне мыс сульфаты ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?
3- тәжірибе
Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне этил спирті ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?
4- тәжірибе
Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне абайлап концентрлі азот қышқылын тамшуырмен тамызыңыз , шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңыз. Тұнба неге ерімейді?
5- тәжірибе
Сынауыққа жұмыртқа нәруызының ерітіндісін құйып, абайлап, спиртшам жалынында қыздырыңыз. Не байқадыңыз?
ҚБ: нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейд.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 709



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!