ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ.

                                                            Алматы қаласы Алатау ауданы
                                                                   «№177 бөбекжай-балабақшасының»
                                                          әдіскері Елгезекова Арайлым.

         Әлемнің барлық жерінде болып жатқан соңғы оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қалалардың карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, іс-шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық болды. Соның ішіндегі үлкен өзгеріс – барлық білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуі.
           
Алматы қаласы Алатау ауданы «№177 бөбекжай-балабақшасы» да елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім беру үдерісіне толығымен көшті. Әрине, бұл тәрбиешілер мен ата-аналар үшін қиындау болды. Бірақ іштегі қорқынышқа, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасадық. Басты мақсат- мектепке барар бүлдіршіндердің оқу процесін толық меңгеруіне ат салысу, қалған тақырыптарды балаларға меңгерту.
            
«№177 бөбекжай-балабақшасының» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Әміржан Баян да сауат ашу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметтерін қашықтықтан оқытуды бастап кетті. Оқу процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына сай жүргізілді. Әр күнге тақырыпқа сәйкес бейне сабақтар, тапсырмалар жасалып, ватсап желісі арқылы балаларға беріліп отырды. Балалар бейне сабақты тамашалап, бейне сабақ соңындағы тапсырмаларды орындап, кері байланыс орнатты. Тәрбиеші тапсырмаларды тексеріп, пікір жазып, «Өте жақсы», «Жарайсың!», «Дарындысың» және т.б сөздермен балаларды мақтап, мадақтап отырды. Осындай күнделікті орындалып жатқан оқу процесін яғни, балаларға беріліп жатқан бейне сабақтар мен үй тапсырмаларын, тәрбиешілердің қашықтықтан білім берудегі әрекеттерін балабақша әкімшілігі тарапынан қадағаланып отырды. Ата-аналар тарапынан қолдау тауып, қашықтықтан оқыту нәтижесінде балалар жақсы нәтижелер көрсетті.
           
Сонымен қатар, балабақшамыздың логопеді Г.Темірбекова «Р» дыбысын үй жағдайында қалай қою керектігін бейне сабақ арқылы өткізді. Педагог- психолог И.Налибаева «Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестерді» ұсынды.
        
Аталған жұмыстарға балабақша меңгерушісі Э.Нуршаева қолдан келер барлық көмекті көрсетті. Әлемдегі қалыптасқан ахуалға байланысты қашықтықтан оқыту түріне көшу мәжбүрліктен туындағаны және оның жоспарланбағандығы да мәлім, әйтсе де педагогтар біліктілігінің жоғары деңгейі, олардың бірлігі, ұйымшылдығы, педагогтардың оқу процесін ұйымдастыра білу шеберлігі осы ауыр кезеңді мейлінше оңтайлы, тиімді өткізуге мүмкіндік берді.
          
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтарын санасақ: заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану; интерактивті әрекеттесу формалары; уақытты үнемдеу; ыңғайлы уақытта оқу; территориялық шектеулер жоқ; денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
 
Кемшіліктері: топтық жұмыстар жасалмайтындықтан балалардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамымайды; бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейімділік болмайды; топтық жарыстар ұйымдастырылмайды, ұйымдастырудың жөн жобаларын білмейді, оны қолдана алмайды.
       
Дегенмен, қашықтықтан оқыту-балабақшалар, мектептер мен жоғарғы оқу орындары үшін қазіргі кезде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты тығырықтан шығудың бір амалы. Қашықтықтан оқыту технологиялары пайдаланылатын ашық білім беру процесі ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу машығын және қашықтықтан білім алудың көмегімен білім алуды үзіліссіз жалғастыруда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу