Духа намазы қалай оқылады? Духа намазының маңыздылығы қандай?

Духа намазы қалай оқылады? Духа намазының маңыздылығы қандай?


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
iPhone-ды жылдам қуаттау үшін не істеу керек?

Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?

Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезі Духа уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі 5 градус. Бұл уақыт күн шығарда басталатын керахат уақытының соңы. Яғни күн шығуымен осы уақыт аралығында намаз оқу тахриман (харамға жақын) мәкрух болады.

Духа уақыты Қазақстан секілді ендік өлшемдері 40-45 градус арасындағы елді мекендердің оңтүстігінде күннің шығуынан шамамен 53 минуттан
кейін, орталығында шамамен 1 сағаттан кейін, ал солтүстігінде шамамен 1 сағат 24 минуттан кейін кіреді. Нақты уақытын білу үшін Біздің сайттағы намаз кестесінің астындағы «Намаз уақыттары» деген линкке кірсеңіз, “қала іздеу” деген ұяшықты пайдаланып өзіңізге қажетті қаланың бетіне кіре аласыз. Ашылған беттен сол жағының ең төменгі жағынан деген түймешені басқанда жаңа ашылған беттен бір жылдық намаз және намазға қатысты 14 уақыттың кестесін көре аласыз. Әр кестенің жоғарысында күні “day” айы “month” деген жазулармен білдірілген. Кестедегі солдан санағанда төртінші реттегі уақыт духа уақыты болып табылады. Духа уақыты кіргенде екі рәкат духа (ишрақ) намазын оқу сүннет. Айт намаздары да осы уақытта оқылады.

Духа уақытында ең кемі екі рәкат намаз оқу өте сауапты болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Күнде екі рәкат духа намазын оқыған адамның күнәлары теңіздің көбігіндей де болса, кешіріледі.» (Ибн Мажә, Тирмизи, Әбу Дауд)

«Әр адамның буынындай мөлшерде садақа беруі керек. Субханаллаһ, Әлхамдулиллаһ, Лә илаһа иллаллаһ немесе Аллаһу әкбар деп айту садақа болады. Жақсылықты уағыздау, жамандыққа кедергі болу да садақа болады. Духа намазы болса бұлардың барлығының орнын басады.» (Мүслим)

«Күнде екі рәкат духа намазын оқыған адам, туылған күніндегідей күнәсіз болады.» (Әбу Яла)

«Екі рәкат духа намазын оқыған адам ықылассыздардан болмайды. Төрт рәкат оқыған адам ғибадат етушілерден болады. Алты рәкат оқыса бұл намазы сол күнге жеткілікті болады. Сегіз рәкат оқыған адам дүниелік нәрсені тәрк етіп мойынсұнған құлдардың қатарынан жазылады. Он екі рәкат оқыған адам Жұмақта арнайы зәулім сарайға қауышады.» (Табарани)

«Жұмақтың Духа деген бір есігі бар. Бұл есіктен тек духа намазын оқығандар кіреді.» (Табарани)

«Екі рәкат духа намазы қабыл болған бір қажылық пен умраға тең болады.» (Әбушшәйх)

Пайғамбарымыздың дұшпанға жіберген әскері аз уақыттың ішінде жеңіске жетіп мол олжамен үйлеріне оралады. Бұл әскерге қызығып қарағандарға пайғамбарымыз былай дейді: «Сендерге бұлардан да аз уақыт алатын, бұлардан да көп олжа әкелетін және үйге бұлардан да тез қайтаратын жиһад жолын көрсетейін. Духа намазы үшін мешітке барған адам аз соғысқан, көп олжаға бөленген және тез үйіне қайтқан
болады.» (И. Ахмед)

«Екі рәкат духа намазын оқу маған парыз.» (И. Ахмед)

«Екі рәкат духа намазын оқыған адам денесінің зекетін төлеген болады.» (И. Асакир)

Рәддул-Мухтарда: «Духа намазын оқуды әдетке айналдырған адам шәһид болып өледі.» делінген.

Имам Шарани хазреттері: «Духа намазын әдетке айналдырған адамдарға жын тиісе алмайды.» деген.

Духа намазы нәпіл намаз болып табылады. Қаза намазы болған адамның қазаларын өтемейінше нәпіл намаздары қабыл болмайды. Әуелі қаза намаздан құтылу керек. Қаза намазы бар адам духа намазын оқығысы келсе: “Ең бірінші қазаға қалған таң (немесе бесін, екінді, ақшам, құптан) намазының парызын және духа намазын оқуға” деп ниет етсе, қазасы да өтелген болады, духа намазын да оқыған болады. (Рәддул-Мухтар)

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Дүниенің ең үздік дәрілері





Комментарии для сайта Cackle