Бейсен Құранбектің өлімінің алдында жазған жазбасы жұртты жылатты

Бейсен Құранбектің өлімінің алдында жазған жазбасы жұртты жылатты


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек көз жұмды. Бейсен Құранбектің қазасы күллі қазақтың қабырғасы қайыстырды. Желіде тележүргізушінің соңғы жазған естелігі жария болды.

"Білу - бөлек, түсіну - басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім... Бірінші,
Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.

Екінші, халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.

Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық - қолға ұстаған мұз, Бақыт - басқа қонған құс, Бала - артта қалар із, бұл өмірдің қызығы - Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім",
- деп жазды тележүргізуші соңғы жазбасында.

Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысында өмірге келді. 49 жасында өмірден озды. Ол 2013-2017 жылдары "Айтуға оңай" әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуын жүргізді. 2017 жылы ұлттық арнада "Қарекет" бағдарламасының тізгінін ұстады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал жүргізушінің ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпарат тараған болатын.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тұмаудан сақтанудың тиімді жолдары немесе тұмауратып қалсаңыз не істеу керек?





Комментарии для сайта Cackle