Отбасы, жанұя күні

Отбасы, жанұя күні

 Құрметті отандастарым!


Елімізде алғаш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болады.

Мен барлық қазақстандықтарды шын жүректен жаңа мерекемен құттықтаймын!

Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек.

Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.

Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау - бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал еліміз азаматтарының жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының барынша айғағы.

Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілеймін. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін.

Н. Назарбаев



Отбасы, махаббат және адалдық күні мен барлығына мықты және мінсіз отбасылық қарым-қатынас тілеймін. Махаббат жылулығымен жылынып, қуаныш пен тыныштық әкелсін. Отбасында тек адалдық, сүйіспеншілік, жанашырлық пен сенімділік болсын.


Отбасы, махаббат және адалдық күні-біздің өміріміздің негіздері күні, ең жарқын және шынайы сезімдер күні. Баршаңызды құттықтаймын! Өзінің отбасынды сақта, бір-біріне сеніңдер және жақсы көріндер, отбасыларыңа қамқор болыңдар. Әр үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі