Мақал - мәтел: Қырсық, қыңыр, қайсар, кесір, бәлекет, кесапат, қиқар, қыржық, безер

Мақал - мәтел: Қырсық, қыңыр, қайсар, кесір, бәлекет, кесапат, қиқар, қыржық, безер



Қырсыққанның иті қырын жүгіреді.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Қырыққа жетті –
Қырсыққа жетті.

Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.

Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.

Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас.

Жайсаң жігіт болғаның,
Жолдасың арқасы.
Қайсар жігіт болғаның
Қолбасыңның арқасы.

Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.

Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.

Кесір сөзде — қырсық көп,
Кесір адамда — тыртық көп.

Кергіген кері кетер,
Кесірі түбіне жетер.

Бірдің кесірі мыңға тиеді.

Кедейді кесір құртар.

Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.

Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.

Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық пен кесірді жермен – жексен ететін.


Комментарии для сайта Cackle