Мақал - мәтел: Тән, бой, дене, сүйек, тұлға

Мақал - мәтел: Тән, бой, дене, сүйек, тұлға


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Гайморит емдеу жолдары

Тәні саудың - жаны сау.

Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.

Жан тәнге қонақ.

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Оның тәніне шайтан кірген.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.

Бойы биіктің ойы биік бола бермейді.

Бойының ұзындығын қайтейін,
Ақылының қысқасын қайтейін.

Бойына қарай - ойы.

Бойы қасқаның дауысы зор.

Бойың қисық болса да,
Ақылың түзу болсын.

Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды.

Дененің - ақтық, қаралығы
Моншаға түскенде белгілі.

Миға ерген дене азбайды,
Милыға ерген ел азбайды.

Денім де,
Денем де өзімдікі.

Жарылқарым — денем,
Сонан кейін — әлем.

Терек – жапырағымен,
Денең шүберегімен сұлу.

Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бизнес жоспар (план): Ашық аспан астында ОҚО кинотеатр ашу



00


Комментарии для сайта Cackle