Сабақ жоспары (ұмж): Оксидтер (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Оксидтер (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
Сабақтың тақырыбы: Оксидтер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.4.7 – оксидтердің классификациясы мен қасиеттерін білу және олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оксидтердің жіктелуін біледі
Көпшілік оқушылар: оксидтердің химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады.
Кейбір оқушылар: оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерінің иондық теңдеулерін жазады.

Ұйымдастырушылық кезең
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысу бойынша тексеру.
- Оқушылар сіз бүгін ерекше жағдайда білім аласыздар. Білім алу үшін сіз жаныңыздағы көршіңізге қарап, оған бүгінгі сабақта жақсы көңіл күй мен сәттілік тілеңіз.
Оқушыларды топқа бөлу әрекеті оксидтердің формулаларын жіктеу арқылы жүргізіледі. Сынып екі топқа бөлініп, топтардың атауларын қою өздерінен сұралады. Топ ішіндегі ережелерді айқындағаннан кейін топ жетекшісін тағайындайды.
Ой қозғау
• Оксидтер дегеніміз не?
• Қандай оксидтердің түрлерін білесіңдер?
• Окисидтердің алыну жолдары қандай?
• Оксидтердің химиялық қасиеттері қандай?
• Оксидтердің қолданылуын сипаттаңыз.
Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу»
а) Негіздік оксид алу (топтық жұмыс).
Жағуға арналған қасықпен магний ұнтағын алып, газ жанарғысының жалынында магнийдің жануына дейін қыздырыңыз. Абай болыңыз! Магний жарқырап жанады. Магнийдің жануының реакция теңдеуін жазыңыз. Түзілген оксидтің түсін ескеріңіз. Алынған оксидті бөлек ыдысқа салып қойыңыз.
б) Негіздік оксидтің сумен әрекеттесуі.
Алдынғы тәжірибеде алынған оксидті (суыған соң!) химиялық стаканға салып, үстіне су құйыңыз. Магний оксидінің ерігіштігі туралы не айтуға болады? 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Не өзгерді? Магний оксидінің сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыз.
в) Қышқылдық оксидтің алынуы......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle