Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші

Айгүл Иманбаева Ахметбек Нұрсиланы сотқа бермекші



Карантин талабын бұзғаны үшін ұсталған әнші Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктері уақытша жалға алынғаны белгілі болып, басы дауға қалған болатын. Сонымен өнер иесі халықты алдады ма әледе өзі алданды ма? Бұл мәселе «Астарлы ақиқат» бағдарламасында талқыланды.


Сонымен отандық эстрада жұлдыздары мен белгілі тұлғалар қатысқан аталмыш бағдарламаның кезекті саны айтыс-тартысқа толы болды. Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила отандық эстрада әншілерін халықты алдайтын алаяқ, шегірткеге теңеді. Ал Айгүл Иманбаева, Бүркіт сынды танымал әншілер халық алдында арымыз таза деп, оған қарсы шықты. Тіпті Айгүл Иманбаева оны жала жапты деп, сотқа беретінін айтты.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде ұтыс өткізіп, тікелей эфир кезінде тұтқындалған әнші Ернар Айдар қазір бостандықта. Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде ұтыс ойнатқандар ұтысқа тігілген көліктерді жеке тұлғадан уақытша жалға алғаны белгілі болды.

Жұлдызды лотерея (Беркут пен Айгүл Иманбаева не дейді?): Астарлы ақиқат




Комментарии для сайта Cackle