Өлең: Жұмағали Саин (Өткен жазда)

Өлең: Жұмағали Саин (Өткен жазда)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әдемі Махаббат хикаясы

Өткен жазда. қыз шахтермен танысты,
Сүйді қатты, шығарып сап, қыз қалды,
Сүйген жарын барлық жұрттан қызғанды,
Қимаса да кете алмады, ермеді.
Ақыл жеңді, жүрекке ерік бермеді.
Поезд кетті...
Арттан ұзақ қарады,
Алқынғандай тым жиі дем алады. ,
Қалшы, қал деп шақырғысы келеді,
Жаны өртте, жаспенен су себеді.
Жүрегімен доңғалақтар дүрсілі,
Бірге қақты, бір жүрісі, бір сыры.
Жүйрік сезім паровозбен жарысты,
Қыз бишара махаббатпен алысты..,
Кешікпеді қыз оқуға оралды,
Ұмыттырды сағынышты, азды-көп,
Бірақ жалын жүрегінде сөнген жоқ.
Жазды бұлар: бақыт санап, күн санап,
Хаттар ұшты жерменен де, көкпенен,
Сыр қалмады жүректерде текпеген,
Ол да жазды, бұл да жазды күн санап,
Кей мезгілдер ұйықтамады түн санап.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Азан шақырып ат қою



00


Комментарии для сайта Cackle