Жұмағали Саин (Сәлем саған, астанам)

 Жұмағали Саин (Сәлем саған, астанам)

Мен қазақпын!
Ескі қазақ емеспін.
Кремльде талай еркін кеңестім,
Өнерлім, аштым ғылым сырларын
Еркін өстім, Отанымда тең өстім.
Европадан оздым, ұшқыр заманым,
Өлшеу бермес менің басқан қадамым,
Жеңістермен кеттім тағы ілгері
Партия алда! Қасында орыс ананың.
Колға тұрды Ульба, асау Сырлар да,
Завод, қала қаптады шет, қырларда,
Данқым асты дүниені жаңғырттым,
Ленин туы астында өткен жылдарда.
Москва сен!
Қуат бердің, дем бердің.
Тұнып жатқан көзін аштың кендердің,
Астанасы туысқандық бірліктің
Жүрегісің сан рулы елдердің.
Сын еді бір Қазақстан жұрты үшін
Айырған шақтың даланың қыртысын,
Қол бердің сен,— Москвалық ұл, қыздың.
Қос басында естідім жыр, күлкісін.
Вагон, вагон тиелген ән, гүл саған!
Ен аяулы дастандармен жыр саған!
Ойы, арманы байтақ қазақ халқының
Махаббаты партиямен бір саған!
Уа, Москвам, Отанымның тынысы,
Сен мен үшін ұлылардың ұлысы,
Жаса мәңгі,
Бізден сәлем жалынды!
Баста ілгері, көтере бер бағымды!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!