Өлең: Жұмағали Саин (Мұқаңа)

Өлең: Жұмағали Саин (Мұқаңа)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Кедейліктен сақтау дұғасы

Мақтанымыз теңейтін тауға, Сырға,
Қанша айтсам да бар тұлғаң сыймас жырға,
Тудыңыз Қазақстан жеріндей кең,
Күнде көріп жүзіңді қуанам мен.
Қосшы емеспін, ініңмін сүйер үнсіз,
Махаббатты сақтаймын іште, тілсіз,
Сіз бақшасыз мәуелі, орман, сулы,
Біздер гүлміз — сән болмас бақша гүлсіз,
Мың жаса! Жұбайыңмен, жас балаңмен,
Гүлдей бер бірге сұлу астанаммен.
Жемісті бол, бақытты бұдан да асқан
Тілек сол: аға, іні, қарындастан.
* * *
Көкшем менің, бесігіңде тербедің,
Алыс кетсең сағынамын кел дедің,
Сүйдім сені нәрестеңдей елжіреп,
Әйт дегенде анам менің дер ме едім.
Өз балаңмын жылда қайтып келемін,
Көлінде ойнап, ну жидек теремін,
Көкірегіме сен толтырған жалынды
Саған сақтап, саған ғана беремін.
Құшақта, сүй, көбелегің болайын,
Ора гүлге нақ ортаңа қонайын,
Тыңдайыншы жан құмары қанғанша
Әнге бассын көлдерің мен тоғайың.
Тау мұнары, сұлу Көкше сағымы
Таң қалдырар адам тұрсын тағыны,
Жандырады қалың өрттей лаулатып
Жүрегіңнің қалса титтей жалыны.
Сүйем, Көкше, маужыраған түніңді,
Тыңдайын мен, шерт кәне сырыңды,
Қада, жаным, көкірегімді ашайын,
Орманыңда еркін өскен гүліңді!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі



00


Комментарии для сайта Cackle