Жұмағали Саин (Жігіт пен қыз)

 Жұмағали Саин (Жігіт пен қыз)

Жігітке бір күн айтты қыз,
Жұмбағым бар тапшы деп,
Жігіт айтты: «сөзіңіз —
Жұмбақсыз да жақсы»— деп,
— Жоқ, ойынды қойыңыз!
Жұмбағымды шешесіз!
Шын сөзіңді неге сіз
Бұлай қалжың етесіз!—
Жігіт күлді қарқылдап,
Серігінің сөзіме.
Шаңқай түсте жарқылдап,
Кетті ол Мұның көзіне...
Білем сенің ойыңды...
Еске салдың несіне!
Өткізерміз тойынды,
Октябрьдің кешіне.
— Жоқ, ол емес, таппадың,
Айттың өзің ойынды.
Басқа жолға аттадым,
Кейін тастап тойымды.'
Екі беті ду етті
Әлде неге жігіттің..
Күдік басты жүректі
Сөнердей үміттің.
Терең ойға қамалды,
Қыз «жұмбағы» тапқызбай.
Біздей күдік қадалды,
Жігітке тіл қатқызбай.
Отырды ол, күлді қыз.
— Неге сонша қысылдың?
— Тура айтсаңшы жұмбақсыз,
Оспағыңа түсіндім...
— Түсінбедің, ұқтым мен —
Сені уайым қаптады...
Байқап тұрмын жүзіңнен,
Айтқандарым жақпады.
Жолым менің ардақты,
Қуанар жол, өсер жол,
Міндет ауыр салмақты,
Тілектес бол, есен бол!
Колхоз — жерім тұрақты,
Сонда ендігі мекенім.
Шөлде ағызам бұлақты,
Даланы гүл етемін.
Оқуыңды бітіріп,
Келер жылы сен де кел!
Керек онда агроном,
Керек онда инженер.
Жігіт қызға қарады,
Көзінен нұр тамғандай.
Жаны төзбей барады,
Жүрегінде от жанғандай...
Күлді екеуі мәз болып
Жастық— болашағына.
Бір сүйгені аз болып,
Сүйді жігіт тағы да...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі