Өлең: Жұмағали Саин (Ашығудың бесінші күнінде)

Өлең: Жұмағали Саин (Ашығудың бесінші күнінде)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ораза ұстаушыға 13 кеңес

(Назым Хикметтен)
Туысқандар!
Айтар сөзді мен бүгін
Тапсам әрең.
Ақтарар көңілдегі
Бар сырымды,
Қалдырмай баяндайтын
Бар шынымды,
Ұғарсыңдар себебін
Оның неден?
Бесінші.күн тым ауыр
Аштық деген,
Менің басым ауырады.
Азия, Америка, Европада
Тілектес бостандыққа
Туған — бауыр.
Қараңғы түн ішінде
Бәрінің де —
Бас иген келбеттерің
Алдымда тұр,
Бәрінің көздеріңде
Жайнаған нұр,
Жарқырап дүниеге
Атар таңдай.
Сендердің қолдарыңды
Қыссам қазір,
Бақытты болар едім
Мен де қандай.
Қолыңдай туған анамның
Қолыңдай сүйген жарымның,
Өзіндей нағыз өмірдің
Қысар ем ұзақ босатпай.
Туысқандар!
Сендер бірге болдыңдар
Осынау қиын жылдарда
Менімен
Менің атыммен,
Менімен
Менің халқыммен.
Менімен
Туған еліммен.
Менімен
Сүйген жеріммен,
(Кім айырар сендерден.)
Сүйемін мен бәріңді,
Сүйемін туған жеріңді,
Сүйемін өскен еліңді,
Сүйемін сенін, халқыңды.
Мен разы сіздерге
Туысқандарым, достарым!
Арасында жасаймын адамдардың
Менің міне осында
Барлық күшім,
Менің міне осы ғой
Мақтанышым.
Уа, достарым,
Бақытым осы менің.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Махаббат - мәңгі ертегі



00


Комментарии для сайта Cackle