Өлең: Жұмағали Саин (Ленин)

Өлең: Жұмағали Саин (Ленин)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Еш нарсе сатып алмай-ақ, әдемі көрінудің 20 жолы

Ленин, Ленин! Осы есім талай жылдар
Жырланды, жырланады сан ғасырлар.
Бар адамның жүрегін тебірентерлік
Ұлы Ленин атында сөнбес нұр бар.
Ленин біздің ғасырдың қайнар көзі,
Ленин ісі — біздегі Ленин сөзі.
Ол өлген жоқ: нық басып, көштің алдын
Бара жатыр ілгері бастап өзі.
Болған бір кез: дұшпандар сыртта тұрып,
«Өлді Ленин» деп еді, сақ-сақ күліп.
Жеңілді олар, үміті сене қалды.
Тұрды Ленин ұйқыдан, кетті жүріп...
Ленинді сүйді бала, кәрі, жас та,
Сүйді адамның барлығы, жаудан басқа.
Оның өшпес бейнесін, сөнбес сөзін
Білді жылдар бетінен дос та, қас та.
ССРО — Ленин құрған біздің бақыт
Қызыл тулы шұғыласын жарқыратып.
Қорғап адам баласын капиталдан
Тұр өмірге сөнбейтін таң боп атып.
Ленин біздің ғасырдың қайнар көзі
Ленин ісі — біздегі Ленин сөзі.
Ол өлген жоқ иық басып көштің алдын
Бара жатыр ілгері бастап өзі.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Корей қыздарының құпиясы бет терісін тазарту мен ылғалдандыру





Комментарии для сайта Cackle