Жұмағали Саин (Өмірден өксіп сен кеттің)

 Жұмағали Саин (Өмірден өксіп сен кеттің)

(Отан соғысы үстінде ерлікпен қаза тапқан үш орденді капитан Әбікей Жанұзақұлына арнаймын)

Әбікей, сені жоқ дейді,
Әділ ме, тегі, осы сөз!
Ақ жарқын, албырт, асылым,
Өмірден кеттің қалай тез?!
Айтуға аузым бармайды,
Ақиқат түбі қайғы-зар,
Аһ ұрып достар естіген,
Ал қара көзден жас тамар,
Есімде әлі ізгі өмір,
Екеуміз бірге жүрген шақ,
Ертегі болды енді о бір,
Қасымнан кетті алыстап.
Қорғасыннан салмақты,
Құбыла білмес жан едің,
Құрбыңа қымбат - ардақты,
Қатарыңның сәні едің.
Қан майданда қол бастап,
Ер аруағын тербеттің,
Емірене сүйіп еліңді,
Өмір деп өксіп сен кеттің.
Семсердей асыл — шын болат
Серт үстінде шарт сынған.
«Серкем» деп саған сиынбай,
«Сол кім?» деп айтар
Қандай жан!
Серігім едің сен менің
Егіздің бейне сыңары,
Есінен елдің шығар ма,
Адамның биік шынары?
Ертегі өмір үстінен
Ертеден талай ел кешті,
«Естірту» болды-ау саған да
«Өліпті» деген сөз ескі..

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?