Өлең: Жұмағали Саин (Сүйемін қызыл гүлді)

Өлең: Жұмағали Саин (Сүйемін қызыл гүлді)

Сүйемін мен қызыл гүлді
Жанымменен тең көремін.
Күлімдеген гүлім сынды

Жер көремін — ел көремін.
Маған бақыт көрінеді
Гүлдің әрбір шоқтарынан.

Маған інжу төгіледі
Гүлдің қою топтарынан.
Қызыл гүлім, жайқала бер,

Шоқтарыңды алтындатып.
Тақсын сені бақытты ер,
Кеудесіне жарқылдатып.



Комментарии для сайта Cackle