ZHARAR | KZ | Өлең | Жұмағали Саин (Хош келдің)

Жұмағали Саин (Хош келдің)

 Жұмағали Саин (Хош келдің)
Жарқылдап жаңа жылым, келдің маған
Көзім де, көңілім тасып масайраған.
Алтынды таңғажайып бақыт заңын
Жырлайын әшекейлеп мен де саған.
Жақында, төріме шық, отыр бермен!
Қонақсың елімізге бүгін келген.
Сыйлайын құрметіне отанымның
Кәусардай күмісті жыр — жаңа өлеңмен.
Қабыл ал жүрегімнің маржандарын,
Сусын ет шөлдесеңіз тілдің балын.
Арала саяхат қып отанымның
Керікті күн сәулетті бақшаларын.
Көресің Кавказдағы Қазыбекті,
Төбесі оның бұлттан асып кетті.
Гүл егіп баурайына мал қаптатып,
Кәріңді біздің заман еркелетті.
Тұрарсың тамашаға көзің салып,
Көркіне сұлуыңның аң-таң қалып.
Сені де жайнатармын, жас қонағым,
Балқытып бақытты бұл нұрға малып.
Қош келдің, жақсы құрбым — жаңа жылым,
Сауық кер, есіт тартқан шаттық үнін.
Боларсың құтты қонақ ауылыма
Төгермін көңіл күйін мақтап жырын.
* * *
Жанаса кеткен ат озар
Жерінен шапқан тұлпардан.
Жақынынан ілген сәт озар
Жаһаннан ұшқан сұңқардан.
* * *
Шіркін қымбат жар құшағы — жанға жәй
Шықпасын күп деген шақтар, батсын ай.
Екі жүрек тынысы бір соққан кез
Кімдер өтер сені өмірден сағынбай?!

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Бақжанар - Сегодня, 16:18
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Физика тжб 1токсан барма

Гость Еркежан - Сегодня, 15:58
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Математика 5 сынып ТЖБ жауаптары 1 тоқсан

Нурай - Сегодня, 15:56
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Гость Алия - Сегодня, 15:45
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометрия 1 тоқсан тжб керек пж

Гульбайрам - Сегодня, 15:42
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 тапсырма б айтып жибере из ба?

Гость Жумагул - Сегодня, 15:41
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Женисбек Асель - Сегодня, 15:34
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Қазақ тілі, әдебиет пәндері барма

Гость Бакыт - Сегодня, 15:27
Қазақ әдебиеті (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Айбекова

Гость Наз - Сегодня, 15:23
Қазақ тілі Т1 (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казак тилинен 6 сынып тжб берндерш отиниш

Рой - Сегодня, 15:08
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Гутташост